A-ha — 1982 жылы пайда болған Норвегиянің поп-рок тобы.

Hunting High and Low атты алғашқы альбомы 1985 жылы шықты. Бұл олардың ең ірі жетістігі болды. Take On Me және The Sun Always Shines on T.V. әндері әлемдік хитке айналды. Оларға түсірілген және өзара байланыстырылған екі бейнеклип топтың танымалдылығына зор үлес қосты және жалпы 8 MTV Video Music Awards сыйлығын жеңіп алды.

1987 жылы олардың The Living Daylights атты әні Джеймс Бонд туралы сол аттас фильмнің негізгі әуеніне айналды. Бұл ән олардың үшінші альбомына кірді.

1998 жылы топ Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын табыстау рәсіміне арналған концертте The Sun Always Shines on T.V. және Summer Moved On әндерін орындайды. Кейінгісі олардың алтыншы альбомына кірді. Minor Earth Major Sky альбомы да ірі жетістіктері болды.

Құрамы Негізгі құрамы Мортен Харкет (Morten Harket) — вокал, кейде гитара Пол Воктор-Савой (Pål Waaktaar-Savoy) — гитара, барабандар, перкуссия, бэк-вокал Магне Фурухольмен (Magne Furuholmen) — пернелі аспаптар, гитара, бэк-вокал

Турларға қатысатын музыканттар Эрик Юнггрен (Erik Ljunggren) — программинг, пернелі аспаптар, бас-гитара, бэк-вокал (2009–2016, 2019–қазір) Карл-Олуф Веннерберг (Karl-Oluf Wennerberg) — барабандар (2009–қазір) Эвен Орместад (Even Ormestad) — бас-гитара (2015–қазір) Хьетиль Бьеркестранн (Kjetil Bjerkestrand) — пернелі аспаптар (кейде) Пер Линдвалл (Per Lindvall) — барабандар (2000—2007) Свен Линдвалл (Sven Lindvall) — бас-гитара (2000—2007) Кристер Карлсон (Krister Karlsson) — пернелі аспаптар (2000—2007)

Дискография 1985 — Hunting High and Low 1986 — Scoundrel Days 1988 — Stay on These Roads 1990 — East of the Sun, West of the Moon 1993 — Memorial Beach 2000 — Minor Earth Major Sky 2002 — Lifelines 2005 — Analogue 2009 — Foot of the Mountain 2015 — Cast in Steel 2022 — True North

Дереккөздер

Санат:Музыкалық триолар Санат:Норвегия поп-рок топтары Санат:Норвегия синтипоп топтары Санат:Норвегия альтернативті рок топтары Санат:MTV Video Music Awards жеңімпаздары Санат:Spellemannprisen иегерлері Санат:1982 жылы құрылған музыкалық ұжымдар Санат:Warner Bros. Records орындаушылары Санат:Universal Records орындаушылары Санат:Polydor Records орындаушылары