нобай|441x441 нүкте|Аштема Николай Павлович Николай Павлович Аштема (1942 жыл) — суретші, КСРО Суретшілер одағы мүшесі (1987).Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі https://nevzorovcollection.kz/bajlanys

Өмірбаяны Украина КСР Кировоград облысы Червонная Долина селосында дүниеге келген.

Бiлiмi

1961 жылы Бендер гидромелиоративтік техникумын бітірген. 1968 жылы Херсон педагогикалық институтында оқыған. 1970 жылы Ташкент ауыл шаруашылық институтын аяқтаған. 1979 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.

Еңбек жолы

1979–1999 жылдары ҚазКСР-і Көркем қорының көркем-өндірістік шеберханаларында жұмыс істеді. 1999–2006 жылдары Шығыс гуманитарлық институтының «Дизайн» кафедрасында оқытушы болды. 2006–2008 жылдары Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Сәулет және инженерлік графика теориясы» кафедрасының мұғалімі болып қызмет атқарды. 2008–2010 жылдары Шығыс Қазақстан аймақтық университетінің «Технология және инновациялық жүйелер» кафедрасында жұмыс істеді.

1987 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі.

Көрмелері Облыстық, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысушы. Олардың ішінде:

«Жер және адамдар» бүкілодақтық көшпелі көркемсурет көрмесі (Өскемен, 1980); «Менің Отаным КСРО» көркемсурет көрмесі (Алматы, 1982); Тын игеруіне 30 жыл толуына арналған «Жер және адамдар» көркемсурет көрмесі (Алматы, 1984); «Біз коммунизм қалаймыз» бүкілодақтық көркемсурет көрмесі (Мәскеу, 1986); Бірінші бүкілодақтық станокты графика көрмесі (Мәскеу, 1987); «4-ші блок» халықаралық графика және плакат көрмесі (Харьков, 1991); Халықаралық миниатюра көрмесі (Торонто, Канада, 1993); «Каспий маңы республикаларының Биенналесі» (Баку); Шығыс Қазақстан облысының Көркем көрме презентациясы (Астана, 1999); «Биеннале» халықаралық конкурсының лауреаты (Баку); «Мастер-Класс Казахстан» халықаралық конкурсы (Алматы, 2000).

Пейзаж, портрет, тақырыптық-сюжеттік композициялар авторы.

Суретші туындылары Фотосуреттер Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде түсірілген.

Дереккөздер