Қарақұдық қорғаны — ерте темір дәуіріне тиесілі археологиялық ескерткіш. Ескерткішті 2005 жылы Атырау облысы тарихи - мәдени ескерткіштер жиынтығының археологиялық ескерткіштер бөлімін дайындаушы экспедициясы (ААЕЖЭ жетекшісі Қасенов М.С.) зерттеді.
Орналасқан жері Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8,7 км жерде орналасқан.
Сипаттамасы Топырақтан үйілген қорғанның диаметрі 45 м, биіктігі 2 м. Үсті тегіс, Сыртында тереңдігі 0,5 м, ені 5 м болатын ор бар. Үстіне триангуляция тірегі орнатылған.
Археологиялық қазбалар Археологиялық қазба кезінде қорғанда ерте темір дәуіріне жататын жерлеу орны бар екені анықталды. Жерлеу орындарынан екі әйел мен бір ер адамның мүрдесі табылды. Жерлеу орындары біздің заманымызға дейінгі V ғасырға сәйкес келеді. Мүрденің жанынан үш алтын білезік, екі алтын сақина мен сырға, күміс алқа және жебе, ал екінші қабірден бал ашуға қажетті заттар мен құрбан шалуға арналған құрбандық тасы шықты. Ал шамамен 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген ер адам жерленген қабірден қанжар, найза, қайрақ, ер тоқымның тіреуіші, 100-ге жуық жебе мен сынған қазанның қалдығы табылған. Археолог Ғаламат Базарбаевтың пікірінше, қорғандардан табылған темір бұйымдар сауда-саттық керуендерінен қалған болуы мүмкін.
Дереккөздер
Санат:Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері