Абай Құнанбаевтың ережелер жинағы — 1885 жылы мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамолада өткен Павлодар, Қарқаралы, Семей, Өскемен уездерінің және Семей облысының Зайсан приставының билер съезінде құрастырылып, қабылданған қазақтардың әдет-ғұрып ережелері. Ол Шар төтенше съезі немесе Қарамола съезі деп аталуымен белгілі.Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия / Бас редакторы Б. Ө. Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014. — 124-б. — 848 б. — ISBN 978-601-7472-76-4.

Бас би және съездің төрағасы болып Семейдің Шыңғыс болысының өкілі Абай Құнанбаев сайланды. Бұл уақытта ел арасына өзінің демократиялық көзқарасын таныта бастаған, талас-тартыс мәселелерін шешуде тарихты және қазақ халқының құқық нормаларын жақсы білуімен, адалдығымен және әділдігімен ерекшеленген ол Орта және Кіші жүз тұрғындарының қоғамдық қолдауына ие болды.

Съезге ұсынылған жоба 93 баптан тұрды, жоба мәселелерді түсіндіруде жаңа қағидаларымен және толық баяндалуымен ерекшеленді. Жобаны талқылауға 100-ден астам болыстық билер мен басқарушылар қатысты. Ережені Семейдің әскери губернаторы бекітті және «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережелері» ретінде баспада жарияланды.

Ол қазақтардың негізгі құқықтық мүдделерін қамтыды және сонымен қатар, «ағарту» дәуіріндегі жаңа ағымды, әсіресе, азаматтық және отбасылық-некелік қатынастарды қамтыды. Мәселен, қалыңдықтан жігіт 25 жас үлкен болса немесе кейіпсіз пішінде немесе мүлік иеленуге құқығы жоқ болса, қалыңдық оған тұрмысқа шықпауға құқылы болды. Бұл факторлар айырылысу үшін арыз беруге негіз болып, әмеңгерлік (жесір қалған әйелдің күйеуінің ағаларына немесе туыстарына тұрмысқа шығуы) міндетті емес деп жариялауға жол ашты. Бұл реттегі мәселелерді шешкенде әйелдің келісімі ескерілетін болды. Әйелдердің жеке және мүліктік құқықтары қорғалды.

Барымта мен ұрлыққа қарсы қатаң және жоғары жауапкершілік орнатылды. Барымталық үшін айыптау халық сотының шешімімен ұрылар мен олардың қосшыларына да қатысты болды: соңғыларына ұрлыққа баратын ұрыларға ат бергендер, ұрыға серік болғандар және ықпал етушілер жатады. Ұрыға ұрланған затты қайтару, айып, денесіне 60 рет дүре соғу және бір ай тұтқында ұстау жазалары қолданылды.

Бұл құжат Семей облысынан тыс жерлерге де жүрді, ол барлық инстанциядағы билердің қызметін, олардың құзыретін және істің қаралуын реттеді. Ережені съезге қатысушылар халық дәстүрі бойынша ақиқат пен әділдік негізінде құрастырды және оған басқа билермен қатар, Павлодар уезінен Жүсіп Батышев, Иса Бердалин, Молдабай Сәрсенбинов, Сергазы Тойсарин, Мұқатай Келдібеков, Санияз Бабаев, Смағұл Шоқпаров, Базылғазы Қарабайтықов, Жалалдин Рамазанов сияқты билер қол қойды.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Абай Құнанбайұлы Қарамола съезі

Санат:Абай Құнанбайұлы Санат:Қазақстан тарихы