Таңғұт (шамамен 1210 — 1246 жылдан кейін) — Жошы әулетінен шыққан мыңқол оғланы (ханзадасы), Шыңғыс ханның немересі, моңғолдардың Батыс жорығы қолбасшыларының бірі.
Өмірбаяны Таңғұт Жошы ханның керейіт тайпасынан шыққан Күйкі хатұн есімді әйелінен туған ұлы.
1236 жылы ол өзге де Шыңғыс хан ұрпақтарымен бірге моңғолдардың Батыс жорығына аттанып, Еділ бұлғарларының жерін бағындыруға қатысты. Оның жорықтың кейінгі кезеңдеріне қатысқан-қатыспағаны туралы нақты дерек жоқ. 1246 жылы Күйік ұлы қаған болып сайланған жалпымоңғолдық құрылтайға қатысқан.
Деректерде оның Сүбетай және Тоғыз (Тукуз) есімді екі ұлы болғаны туралы мәлімет сақталған. Қайтыс болған жылы белгісіз.
Әдебиет Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Т. 2. — М.-Л.: Издательство АН СССР, 1960.
Сыртқы сілтемелер Улус Джучи в 1227-1255 годах — e-history.kz.
Дереккөздер
Санат:Жошы әулеті