«1979» — америкалық The Smashing Pumpkins рок тобының үшінші студиялық Mellon Collie and the Infinite Sadness альбомында жарық көрген синглі. Композицияны топтың фронтмені Билли Корган жазған. Ән ұжымның алдыңғы жазбаларына тән емес семплдер мен луптардың қолданылуымен ерекшеленеді. Тақырыптық тұрғыдан бұл туынды автордың кәмелетке толу кезеңі туралы ностальгиялық естелігін баяндайды: 1979 жылы Корган 12 жаста еді және ол дәл осы уақытты балалық шағының аяқталуы әрі жасөспірім шаққа өту кезеңі деп санайды.

«1979» Канада хит-парадында екінші, Ирландияда алтыншы, Жаңа Зеландияда тоғызыншы орынға тұрақтады, сондай-ақ Австралия, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, бірқатар басқа елдердің үздік жиырмалық Top-20 чарттарына енді. Ән «Грэмми» сыйлығының «Жыл жазбасы» және «Дуэт немесе топтың үздік вокалды рок орындауы» санаттары бойынша екі номинацияға ие болды, сонымен қатар «Үздік альтернативті видео» номинациясында MTV Video Music Award жүлдесінің лауреаты атанды. 2012 жылы Rolling Stone журналының оқырмандары бұл туындыны The Smashing Pumpkins тобының ең үздік әндерінің арасында екінші орынға қойды.

Жазылуы Бірнеше сұхбатқа сәйкес, Siamese Dream альбомын қолдауға арналған турне аяқталғаннан кейін, Корган жаңа материалмен іс жүзінде үзіліссіз жұмыс істеді. Ол Mellon Collie and the Infinite Sadness үшін шамамен 56 ән жазды, олардың ең соңғысы «1979» болды. Студиялық сессиялар аяқталуға жақындағанда, бастапқыда «Strolling» деп аталатын демо нұсқадан басталған «1979» туындысы тек бірнеше аккордтық тіркестер мен сөзсіз әуен үзіндісінен ғана тұратын. Болашақ альбомға енетін әндерді таңдау кезінде жазба продюсерлерінің бірі Марк «Флад» Эллис «1979» әнін «жеткіліксіз» деп бағалап, оны күйтабақтан алып тастағысы келді. Алайда, бұл сөз Корганға қанат бітіріп, оны төрт сағат ішінде өңдеп шығуға шабыттандырды. Келесі күні Флад әннің жаңа нұсқасын бір-ақ рет тыңдап, оны бірден альбомда қалдыруға шешім қабылдады. Билли Корган «1979» туындысын Mellon Collie альбомындағы өзі үшін ең маңызды ән деп санайды.

Әннің бойында Корган дауысының бүкіл композиция бойы қайталанып отыратын үзіндісі бар. Жазба жұмыстары кезінде фронтмен әуенге қосылып «today» сөзін қайталап айтып отырған, содан кейін ол Фладпен бірге бұл фразаны әнге қосуды ұйғарды. Нәтижесінде, Корганның дауысы электронды декодерден өткізіліп, семплирленді және барабан битінің арасына луп ретінде қосылды.

Сыншылар пікірлері «1979» туындысы Billboard Hot 100 чартында 12-орынға дейін көтеріліп, сонымен қатар Mainstream Rock Tracks пен Modern Rock Tracks хит-парадтарының көшін бастап, The Smashing Pumpkins тобының мансабындағы ең табысты синглге айналды. Сингл жарық көрерден сәл бұрын Virgin Records басшылығы сатылым көлемін ынталандыру мақсатында оған бонустық тректердің қосылатынын жариялады. Ән «Грэмми» сыйлығының «Жыл жазбасы» және «Дуэт немесе топтың үздік вокалды рок орындауы» номинациялары бойынша бақ сынады. Кейіннен Pitchfork Media порталының редакциясы «1979» әнін өздерінің «1990 жылдардың ең үздік 200 әні» тізімінде 21-орынға қойып, былай деп атап өтті: «„1979“ — Билли Корганның „Сен мына [ностальгия] сезімін білесің бе?“ деп сұрағаны іспетті. Әннің гитаралық партиясын естіген сәтте-ақ санаңызда бірден: „Иә, білемін... маған бұл туралы көбірек айтып берші“ деген жауап оралады».

1996 жылы Spin журналына берген сұхбатында Корган «1979» әні The Smashing Pumpkins тобының келесі альбомы қалай естілетінінің жалғыз бағдары болуы мүмкін екенін айтты: «Бұл [электрондық] технологияларды, рок сезімталдығын, поп-музыканы және басқа да элементтерді біріктіретін дүние болады — бәрі сәтті әрі үйлесімді шығады деп үміттенемін. „Bullet with Butterfly Wings“ пен „1979“ туындыларының дыбысталуындағы айырмашылықтар арқылы сіз Mellon Collie and the Infinite Sadness альбомы үстіндегі жұмыстың бастапқы нүктесі мен аяқталуын бақылай аласыз. Сіз біздің рок-дыбысталуымыздың аяқталуын және мүлдем жаңа дүниенің басталғанын нақ сезіне аласыз».

Композиция Аустралияның радиостанциясының нұсқасы бойынша тізімінде 13-орынға ие болды. Сондай-ақ, ол 1998 жылы радиостанция тыңдаушылары арасында өткізілген рейтингінде 71-позициядан көрінсе, 35-орынға жайғасты. 2013 жылы осы радиостанция тыңдаушыларының дауыс беруі арқылы жасалған рейтингінде «1979» туындысы 21-орынға тұрақтады.

Музыкалық бейнебаян Бейнебаянның режиссері — бұған дейін топтың «Rocket» әніне түсірілген клипінде бірге жұмыс істеген Джонатан Дейтон мен Валери Фарис дуэті. Бастапқыда топ басқа режиссерге (болжам бойынша Спайк Джонзға) жүгінген болатын. Оның идеясы бойынша клип сюжетінде музыканттар өзге ғаламшарлықтар қонақүйінде тұрып, өздері үшін арнайы жасалған өзге ғаламшарлық пілдердің маскаларын киіп жүруі тиіс еді. Алайда, бейнебаянның бюджеті тым қымбат — шамамен 1 000 000 доллар болып шықты.

Видео сюжеті Dodge Charger автомобилімен серуендеп жүрген қала маңындағы қиын жасөспірімдер өмірінің бір күні туралы баяндайды. Клиптің тұжырымдамасын Билли Корган ойлап тапқан, ол жасөспірімдік шақтың идеалдандырылған нұсқасын көрсетеді, сондай-ақ музыканттың балалық шағы өткен Чикаго қаласының маңындағы іш пысу сезімін жеткізуге тырысады. Бейнебаянда көрсетілген Dodge Charger көлігінде Иллинойс штатының нөмірлері бар, дегенмен көлік жүргізу сахналарында артқы фонда Калифорнияда орналасқан таулар анық көрінеді. Бастапқыда Корган клиптің соңына жасөспірімдердің дүкенді толығымен қиратып жатқан зорлық-зомбылық сахнасын қосқысы келген, бірақ режиссерлер музыкантты жұмсағырақ нұсқаға көндірді. Бүкіл бейнебаян бойы көліктің артқы орындығында отыратын Корганнан бөлек, The Smashing Pumpkins тобының басқа мүшелері де клипте кішігірім рөлдерді сомдады: Джеймс Иха дүкендегі сатушының рөлін, Д’арси Рецки — кейістік танытқан көршіні, ал Джимми Чемберлин — полиция қызметкерін ойнады. Сонымен қатар бұл үшеуі де кеште өнер көрсететін музыкалық топ ретінде көрінеді. Топ менеджері Гуч () Чемберлиннің серіктесі — екінші полиция қызметкерінің рөлін сомдады.

Түсірілім аяқталғаннан кейін топ жоспарланған концертке қатысу үшін Нью-Йоркке ұшып кетті. Алайда, жазылған материалы бар барлық таспалар көліктің төбесінде кездейсоқ ұмыт қалдырылып, жүргізуші оны байқамай қозғалып кеткендіктен, жоғалып кетті. Мән-жай анықталғаннан кейін, музыканттарға кеш сахнасын қайта түсіру үшін кері ұшып келуге тура келді.

Бейнебаянды әртүрлі музыка сыншылары жоғары бағалады. 1996 жылы клип «Үздік альтернативті видео» номинациясы бойынша MTV Video Music Award сыйлығының лауреаты атанды. Бұған қоса, Канаданың MuchMusic музыкалық телеарнасы оны 1996 жылдың ең үздік бейнебаяндарының бірі деп таныды. Кейіннен Билли Корган «1979» туындысын The Smashing Pumpkins мансабындағы ең үздік клип деп санайтынын айтып, оны «біздің ойымыздағы дүниенің ең дәл жүзеге асуы» деп атады.

1998 жылы жарық көрген «» әнінің бейнебаяны «1979» клипінің сюжеттік жалғасы болып табылады: онда есейіп, ересек адамдарға айналған дәл сол кейіпкерлер бой көрсетеді. Клипте жоғарыда аталған бейнетаспаны жоғалту оқиғасы да ишара ретінде ойнатылады — соңғы көріністердің бірінде аудиотаспа көліктің төбесінде қалып қояды және кейіпкерлердің бірі автотұрақтан жоғары жылдамдықпен шыққан сәтте, ол өтіп бара жатқан көліктердің дөңгелектерінің астына түсіп, қирайды.

Композициялар тізімі US 7" double A-side single

UK/US CD single/UK 12"

1996 Re-issue/Max-CD

1979 Mixes

1, 2 және 4-тректердің ремикстерін жасады; ал үшінші трек ремиксінің авторы Moby болды.

Мәдениетте қолданылуы Ән Grand Theft Auto IV видео ойынында қолданылған, оны ойын ішіндегі Liberty Rock Radio 97.8 рок-радиостанциясынан естуге болады.

Сонымен қатар бұл туынды «Клерктер 2» көркем фильмінде де қолданылған.

Чарттары және сертификаттары

Апталық чарттары Чарты (1996)Жоғарыпозициясы (LP3)18

Қорытынды, жылдық чарттары Чарты (1996)ПозициясыAustralia (ARIA)94Canada Top Singles (RPM)15Canada Dance/Urban (RPM)35Canada Rock/Alternative (RPM)3US Billboard Hot 10044

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер MetroLyrics сайтындағы әннің мәтіні The Making of '1979' (With Commentary)

Санат:Billboard Mainstream Rock Airplay чартында көш бастаған әндер Санат:Billboard Alternative Airplay чартында көш бастаған әндер Санат:Флад продюсерлік еткен әндер Санат:Рок-балладалар Санат:Virgin Records синглдары Санат:The Smashing Pumpkins әндері Санат:Алан Молдер продюсерлік еткен әндер Санат:1990 жж. балладалар