«Purple Rain» () — америкалық әнші әрі музыкант Принс пен The Revolution тобының аттас фильмге («Күлгін жаңбыр») саундтрек болып табылатын Purple Rain альбомындағы басты композициясы. Бұл альбомнан 1984 жылғы 26 қыркүйекте шыққан екінші сингл.

Рок, поп, госпел және оркестрлік музыканың қосындысы болып табылатын бұл композиция Принстің ең таңдаулы туындыларының бірі болып саналады. Сол жылы сингл АҚШ-та алтын мәртебеге ие болды;RIAA’s Gold & Platinum Program searchable database «Rolling Stone журналы бойынша барлық уақыттағы ең ұлы 500 ән» тізімінде композиция 144-орында тұр (2024 жылғы тізімде 18-орынға ауыстырылды), Q журналының «100 Greatest Guitar Tracks Ever!» тізімінде — 40-орында. Pitchfork музыкалық интернет-журналы «Purple Rain» туындысын «1980 жылдардың ең үздік әні» деп атады.Purple Rain в исполнении Prince назван лучшим синглом 1980-х по версии Pitchfork

Бұдан бөлек, Принс пен The Revolution тобының орындауындағы «Purple Rain» әні Рок-н-ролл даңқ залы құрастырған 500 Songs That Shaped Rock and Roll тізіміне кіреді.

Жазылуы Ән 1983 жылғы 3 тамызда Миннеаполистегі Minnesota Dance Theatre театрында өткен қайырымдылық концерті кезінде жазылды. City Pages газеті Prince & The Revolution тобының 70 минуттық өнер көрсетуін «Принстің ең әсерлі әрі жанды концерті» деп атады, ал топтың барабаншысы Бобби Зи «бұл біз ойнаған ең үздік концерттердің бірі екені сөзсіз» деді. Сол түн The Revolution тобының жаңа 19 жастағы гитаристі Венди Мелвойннің дебюті болды.

Концертті Дэвид Ривкин Record Plant компаниясының мобильді студиясының көмегімен жазып алды. Концерттегі үш ән фильмнің саундтрегіне негіз болды, олар: («Purple Rain», «I Would Die 4 U» және «Baby I’m a Star». 1983 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Принс Лос-Анджелестегі Sunset Sound студиясында дыбыс қабаттау жұмыстарын жүргізіп, вокалды қайта жазды. «Күлгін жаңбыр» әнінен гитара солосы мен қосымша шумақ алынып тасталып, нәтижесінде әннің ұзақтығы 11 минуттан 8 минутқа дейін қысқарды. Алынып тасталған шумақта ақша туралы айтылған болатын, сондықтан әннің эмоционалды әсерін сақтап қалу үшін ол кесіп тасталды деген пікір бар. Принстің вокалдық диапазоны төменгі F3 нотасынан жоғарғы A5 нотасына дейін жетеді.

Күлгін жаңбыр — бұл аспандағы қан. Көк + қызыл = күлгін. Бұл өте әдемі және бұл дүниенің соңы сияқты — тек Құдайға немесе жақын адамға деген махаббат қана сізді күлгін жаңбырдан аман-есен өткізе алады. «Ән аяқталғаннан кейін Принс американдық Journey рок-тобының музыканты Джонатан Кейнге телефон соғып, туындыны тыңдап көруін өтінді. Себебі ол бұл әннің Кейн авторлығымен сол кезде чарттарда тұрған «Faithfully» композициясына ұқсас болып қалуы мүмкіндігіне алаңдаған еді. Кейн әндердің тек төрт аккорды ғана сәйкес келетініне сендіріп, Принсті тыныштандырды».

Концерттік өнер көрсетулері «Күлгін жаңбыр» — Принстің концерттік бағдарламаларының басты сәні болып табылады. Ол 1984 жылдан бастап дерлік әрбір концерттік турда орындалды (Принс бүркеншік ат алып, өзінің ескі хиттерінен қашқақтаған кезеңді қоспағанда). 2007 жылғы XLI Супербоул ойынында Принс шақырылған орындаушы болды; концерттік сетті аяқтаған «Күлгін жаңбыр» әнін орындау кезінде нөсер жаңбыр жауып, ол сахнаның күлгін түсті жарықшамымен үйлесіп, әнге өзіндік ерекше антураж берді. Сондай-ақ Принс «Күлгін жаңбыр» әнін 2004 жылғы «Грэмми» марапатында (Бейонсемен бірге попурридің бөлігі ретінде) және 2006 жылғы «Brit Awards» марапатында орындаған болатын.

Композициялар тізімі 7" «Purple Rain» (edit) — 4:02 «God» — 3:59

12" «Purple Rain» — 8:45 «God» — 3:59

12" (британдық басылым) «Purple Rain» (ұзартылған нұсқа) — 7:05 «God (Love Theme from Purple Rain)» (инструментал) — 7:54 «God» — 3:59

Чарттары ЕлЧартПозицияARIA Charts41IFPI4Ultratop1Media Control Charts5Mega Top 1001RIANZ16VG-lista5Billboard Hot 1002Syndicat National de l’Édition Phonographique12Schweizer Hitparade5

Қосымша фактілер Брайан Адамс, Род Стюарт және Стингтің орындауындағы, 1993 жылғы «Үш мушкетер» фильмінің саундтрегіне енген «All For Love» әнінің «Күлгін жаңбыр» әнімен белгілі бір дәрежеде ұқсастығы бар.

Дереккөздер

Әдебиет

Санат:Ағылшын тіліндегі әндер Санат:Warner Bros. Records синглдары Санат:АҚШ әндері Санат:Прогрессивті рок композициялары Санат:Dutch Single Top 100 чартында көш бастаған әндер Санат:Кинофильм әндері Санат:Принс жазған әндер Санат:Top Singles (Франция) чартында көш бастаған әндер Санат:Nederlandse Top 40 чартында көш бастаған әндер Санат:Поп-балладалар Санат:Рок-балладалар Санат:Принс продюсерлік еткен әндер Санат:Принс әндері