Hitlisten (бұрынғы атауы — Tracklisten) — апта сайын сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні сағат 00:01-де hitlisten.nu сайтында жарияланатын даттың ресми үздік 40 ән мен альбом хит-парады.

Апталық дат синглдер чарты стритминг пен ресми музыкалық жүктеулер бойынша ең көп сатылған 40 тректі біріктірсе, альбомдар чарты жүктеулерді, стримингті және компакт-дискілердің (CD) сатылымын қамтиды. Сондай-ақ арнайы винил чарты да жұмыс істейді.

Бұл мәліметтерді Халықаралық фонографиялық индустрия федерациясының (IFPI Danmark) жергілікті бөлімшесі атынан чартты құрастыратын M&I Service компаниясы жинақтайды.

Дереккөздер

Санат:Дания музыкалық чарттары