Ерлан Хайланұлы Барлыбаев (15 тамыз 1967, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI, VII және VIII шақырылымдарының депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 2016 жылдан бастап 2026 жылы Парламент таратылғанға дейін болды.
Өмірбаяны 1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Ревизия және бақылау» мамандығы бойынша бітірді. 2014 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Іскерлік әкімшілендіру докторы» (DBA) біліктілігімен бітірді.
Еңбек жолы 1990–1992 жылдары — Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Жұмысшыларды жабдықтау басқармасындағы бас бухгалтердің орынбасары қызметін атқарды.
1992–2002 жылдары — «БАЕР» компаниясының президенті болып жұмыс істеді.
2002–2008 жылдары — Павлодар қаласындағы «СҮТ» АҚ басқарма төрағасы болды.
2008–2016 жылдары — «Мал Өнімдері» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып еңбек етті.
2009–2010 жылдары — Екібастұз қаласындағы «ГорЭлектроСеть» АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымында мехнат қылды.
2010–2011 жылдары — «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары болып еңбектенді.
2010 жылдан бастап 2016 жылдың наурызында Мәжіліс депутаты болып сайланғанға дейін Екібастұз қаласындағы «ГорЭлектроСеть» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
2011 жылдың тамызынан бастап Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының экономикалық саясат және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орынбасары болып табылады.
Сайланбалы қызметтері 2016 жылы Ерлан Барлыбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымы депутаты болып «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды. 2016 жылдың 24 наурызынан 2020 жылдың желтоқсанына дейін Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі болды.
2021 жылы қаңтарда «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымы депутаты болып қайта сайланып, Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетін басқарды.
2023 жылы наурызда «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымы депутаты болып сайланды. 2026 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Парламентін тарататын жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Ерлан Барлыбаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.
2026 жылы 17 шілдеде «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді. Партиялық тізім ішіндегі мандаттарды бөлу нәтижесінде Барлыбаев депутаттық мандатқа ие болмады.
Марапаттары «Құрмет» ордені (2013) «Парасат» ордені (24.10.2023)
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясы түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VI шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары