«In the Air Tonight» () — британдық әнші әрі композитор Фил Коллинздің 1979 жылы жазылып, 1981 жылы оның Face Value дебюттік жеке студиялық альбомында жарық көрген әні. Сондай-ақ бұл композиция дәл сол жылы аттас сингл ретінде де шығарылды.

Фил Коллинз: «Мен бұл әннің не туралы екенін білмеймін. Мен оны жазған кезде менің жеке өмірім күйреп жатқан еді. Ол кезде мен ажырасудан кейін өзімді бақылай алмайтын халде болдым және бар ашуымды осы ән арқылы жеткіздім». Ән екі бөлімнен тұрады, оның негізін педальдар, гитара және Roland CR-78 драм-машинасы құрайды. Екінші бөлімде драм-машинаны Филдің қуатты соқпалы аспаптар партиясы алмастырады, ал бөлімдер арасында әйгілі кульминациялық барабан кіріспесі орын алады.

Бұл сингл бұған дейін Genesis рок-тобының штаттық музыканты әрі композиторы болып келген Фил Коллинздің жеке мансабындағы алғашқы туынды болды. «In the Air Tonight» композициясы — Коллинздің ең танымал әндерінің бірі. Сол 1981 жылы режиссері Стюарт Орме болған аттас бейнеклип те жарық көреді.

Бұл әнді теледидарда, нақтырақ айтқанда «Top of the Pops» (1981) бағдарламасында алғаш рет орындау кезінде Коллинздің жанында бояу құтысы тұрды — бұл оның әлі тұрмыстағы әйелі Андреа көңіл қосқан суретшіге жасалған өзіндік бір ишара еді.

Композициялар тізімі «In the Air Tonight» — 5:29 «The Roof Is Leaking» — 3:16

Жазбаға қатысқан қызметкерлер Фил Коллинз — пернелі аспаптар, соқпалы аспаптар, вокал  — гитары, банджо Джон Джиблин (John Giblin) — бас-гитара Шанкар (Shankar) — скрипкалар Джо Портридж (Joe Partridge) — слайд-гитара

Чарттары Чарт (1981)Ең жоғарыпозициясы ARIA Singles Chart3 Austrian Singles Chart1 Canadian RPM Top Singles2 Dutch Top 401 German Singles Chart1 Irish Singles Chart2 New Zealand RIANZ Singles Chart6 Swedish Singles Chart1 Swiss Singles Chart1 UK Singles Chart2 Billboard Hot 10019 U.S. Billboard Hot Mainstream Rock Tracks2Чарт (1981)Ең жоғарыпозициясы Dutch Singles Chart17 German Singles Chart3 UK Singles Chart4Чарт (2007)Ең жоғарыпозициясы UK Singles Chart14Чарт (2008)Ең жоғарыпозициясы RIANZ Singles Chart1

Мұқаба нұсқалары «Әуезді хеви-метал» стилінде жазылған неміс гитаристі Аксель Руди Пелльдің, «нью-эйдж» жанрындағы неміс Gregorian тобының, сондай-ақ итальяндық Exilia Nu-Metal тобы мен америкалық In This Moment металкор тобының орындауындағы кавер-нұсқалары бар.

Мэрилин Мэнсон да Фил Коллинздің аңызға айналған «In The Air Tonight» композициясына жасалған өз интерпретациясын ұсынды.

Мәдениетте «Қауіпті бизнес» (1983). «Майами полициясы: Өнегелілік бөлімі» (пилоттық серия) (1984). «Жол серісі» (1982). «Симпсондар» (1989). «Гриффиндер» (1999). «Оңтүстік Парк» (1997). «Өте Оғаш Істер» 5-маусым (2025). Вегастағы бойдақтар кеші (2009). «Америкалықтар» сериалы (1-маусым, 1-серия) (2013). «Талса королі» сериалы (1-маусым, 9-серия) (2023). Фил Коллинз Grand Theft Auto: Vice City Stories бейнеойынында өз-өзін дауыстады; «In the Air Tonight» миссиясын орындағаннан кейін оның осы әнді орындайтын концертіне баруға болады. Эминемнің «Stan» әні.

Дереккөздер

Санат:Фил Коллинзтің синглдері Санат:Ағылшын тіліндегі әндер Санат:Дебюттік синглдер Санат:Фил Коллинз жазған әндер Санат:Хью Пэдхем продюсерлік еткен әндер Санат:Фил Коллинзтің әндері Санат:Фил Коллинз продюсерлік еткен әндер