Нахимов медалі () — КСРО-ның мемлекеттік марапаты. 1944 жылы 3 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Әскери медалдарды: Ушаков медалі мен Нахимов медалін тағайындау туралы» Жарлығымен тағайындалды. Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1992 жылғы 2 наурыздағы № 2424-1 Жарлығымен медаль Ресей Федерациясы Президентінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 442 «Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаттары туралы» Жарлығы күшіне енгенге дейін Ресей Федерациясының марапаттар жүйесінде қалдырылды.

Медал сәулетші М. А. Шепилевскийдің жобасы бойынша жасалған.

Медаль жайлы ереже Нахимов медалімен Әскери-теңіз флотының және шекара әскерлеріндегі теңіз бөлімшелерінің матростары мен сарбаздары, кіші офицерлер мен сержанттар, мичмандар мен прапорщиктер марапатталды.

Нахимов медалімен марапатталды: теңіз театрларындағы кемелер мен бөлімшелердің жауынгерлік тапсырмаларын сәтті орындауға ықпал еткен шебер, белсенді және батыл әрекеттері үшін; КСРО-ның мемлекеттік теңіз шекарасын қорғауда көрсеткен ерлігі үшін; әскери борышын орындау кезінде көрсеткен жанқиярлығы немесе өмірге қауіп төндіретін жағдайларда белсенді әскери қызмет кезіндегі басқа да ерліктері үшін.

Нахимов медалі кеуденің сол жағына тағылып, КСРО-ның басқа медалдары болған жағдайда «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінен кейін орналасады.

Барлығы 13 000-нан астам Нахимов медалі табысталды.

Медаль туралы ережеге 1947 және 1980 жылдары түзетулер енгізілді.

Сипаттамасы Нахимов медалі дөңгелек, диаметрі 36 мм, қоладан жасалған. Оны жасаған суретшілер А. Л. Диоров, Б. М. Хомич және Н. А. Волков болды. Медальдың тек бір түрі бар. Медал қоладан, екі бөлек бөліктерден жасалған. Құлақша медалға дәнекерлеу әдісі арқылы бекітілді.

Алдыңғы жағында Нахимов бейінінің бедерлі бейнесі суреттелген. Медалдың шет жағын бойлай «Адмирал Нахимов» деген жазу жазылған. Нахимов бейінінің астында қиылысқан екі лавр бұтағының ортасына бесбұрышты жұлдыз орналасқан. Медалдың шеттерінде шығыңқы нүктелер орналасқан.

Медалдің артқы жағында екі айқасқан зәкірге ілінген арқан сақинасымен көмкерілген желкенді кеменің шығыңқы бейнесі суреттелген. Кеме мен зәкірді бейнелейтін шеңбер зәкір шынжырымен көмкерілген. Медалдың шет жағын бойлай шығыңқы нүктелер сызылған.

Медальдың жоғарғы жағында сақина арқылы бесбұрышты металл тағанға жалғанған құлақша бар. Медал тағанының артқы жағында медалды киімге бекітуге арналған құрылғы бар. Таған әрқайсысының ені 3 мм болатын үш ақ бойлық жолағы бар көк жібек қатқыл таспамен тысталған. Ақ жолақтар арасындағы қашықтық 2 мм, ал ақ жолақ пен таспаның шеті арасындағы қашықтық 5,5 мм. Таспаның жалпы ені 24 мм.

Әдебиет

Санат:КСРО медалдары