Атақоныс — Түркістан облысы Жетісай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жетісай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Өзбекстанмен шекаралас.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен19542513 2533 100,8 1265 1281 101,3 1248 1252 100,3

Тарихы 1951 жылы ұйымдастырылған 22-Партсъезд атындағы мақта ұжымшарының орталығы болып келді. Ұжымшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдшірлік-акушерлік пункт бар. Ол арқылы Ташкент – Жызақ темір жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Жетісай ауданы елді мекендері