Сәуле Шарапатқызы Қажыкенова — техника ғылымының докторы (2010), профессор (2010), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1957 жылы 21 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1981, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) бітірген. Осы университетте оқытушы, аға оқытушы (1981-2007), Қарағанда мемлекеттік техникалық университетінде (қазіргі Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті) доцент (2007-09) қызметтерін атқарған. 2009 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Металлургиядағы технология шамасының нерархиялық құрылымына энтропиялық-ақпараттық талдау" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты дифференциялық теңдеулер мәселесіне арналған. 160-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монография, 9 оқу құралының авторы.

Марапаттары "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2011);Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2015); Профессор Т.Ғ. Мұстафин атындағы сыйлық лауреаты (2016); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Құрмет грамотасы (2019); Қазақстан Республикасы Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі (2019).Сәуле Шарапатқызы Қажыкенова.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қажыкенова Сәуле Шарапатқызы. Международная академия информатизации.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қарағанды жоғарғы оқу орындары түлектері Санат:Профессорлар Санат:Академиктер