Республикалық Бирма боксы федерациясы оңға|237x237 нүкте|жиекті|Республикалық Бирма боксы федерациясының логотипі Республикалық Бирма боксы федерациясы – Қазақстанда Бирма боксын (Lethwei) дамытуға бағытталған спорттық ұйым. Федерация 2021 жылы 2 наурызда Астана қаласында құрылды. Мақсаты – Қазақстанда Бирма боксын дамыту және насихаттау, спортшылар дайындау, республикалық және халықаралық жарыстар ұйымдастыру.. Федерация халықаралық деңгейдегі “Әлемдік Бирма боксы Федерациясына” мүше.  (World Burmese Boxing Lethwei Federation – WBBLF)

Түріқоғамдық бірлестік Орналасқан жеріАстана, Қазақстан СаласыБирма боксыСайты нобай|292x292 нүкте|Қазақстан чемпионаты 2025 жыл. Астана қаласы

Бирма боксы деген не? Бирма боксы (ағылшынша Lethwei, летхвей)  –  Мьянмадан (бұрынғы Бирма) бастау алған ежелгі жекпе-жек түрі.  Бұл спортта қарсыластар қолғапсыз немесе жеңіл қорғаныспен жұдырықтасады. Сонымен қатар аяқ, тізе, шынтақ және баспен соққы жасауға рұқсат етіледі. Ол көп жағдайда тай боксына (муай-тай) ұқсайды, бірақ ережесінде шектеу әлдеқайда аз.

Федерация тарихы Федерация 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен спорт шебері, спорт жанашыры Қайрат Мұқатовтың бастамасымен құрылды. 2026 жылға дейін Қазақстанның 12 өңірінде өз филиалын ашты: Жамбыл облысы, Астана қаласы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Ақмола облысы, Алматы қаласы, Абай облысы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысында бөлімдері бар. Өңірлік филиалдар жастар арасында спортты насихаттаумен,  халықаралық жарыстарға спортшылар дайындаумен және аймақтық клубтарды дамытумен айналысады.

Жарыстар   «Бирма боксы федерациясының ұйымдастырған негізгі жарыстары:

– 2023 жылы 17-19 қараша аралығында Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының алғашқы чемпионаты өтті;

– 2024 жылы 28-29 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының алғашқы кубогі өтті;

– 2025 жылы 31 қазан мен 1 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы аумағында алғаш рет Азия чемпионаты өтті.

Басшылық: оңға|356x356 нүкте Президенті  – Қайрат Толбайұлы Мұқатов.

Вице-президенті  – Руслан Қанатұлы Теміржанов. нобай|Марат Рымтайұлы Избастин

Қазақстан Республикасы Бирма боксы федерациясының Құрметті Президенті. Марат Рымтайұлы Избастин — спорт және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Бирма боксы федерациясының Құрметті Президенті.

Жекпе-жек, спорттық менеджмент және халықаралық ынтымақтастық саласында көпжылдық тәжірибесі бар.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені — қоғамдық қызметке және елдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін.

Алғашқы жеңімпаздар: 2025 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында Қазақстандағы Бирма боксының алғашқы қарлығаштары өнер көрсетіп, үздіктер анықталды.

Ересектер 19 жастан жоғары, салмақ бойынша:   60 келі -Егинбай Ернур

63 келі -Шаметов Ерсін

67 келі -Кузкенов Аблай

71 келі -Жүнүс Данияр

75 келі -Қайыр Мадияр

81 келі -Дементьев Глеб

86 келі-Естаев Акторе

91 келі-Тұрарбеков Нұрмағамбет

91 келіден жоғары -Калиев Руслан

Жастар арасында 17-18 жас 54 келі-Турман Әзілхан

57 келі-Аскаров Нұрхан

60 келі -Широкорадов Давид

63 келі-Ділмұрат Есбол

67 келі -Рыбак Георгий

71 келі -Бақболат Әліби

75 келі -Ажель Артур

81 келі -Дулатхан Ерсултан

86 келі -Булатов Каир

Фотогалерея