Марал Бимендеқызы Амалбекова — филология ғылымының докторы (2010), доцент (2007).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1956 жылы 2 желтоқсанда қазіргі Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Өспен ауылында туған.
Жезқазған педагогикалық институтын (1980, қазіргі Жезқазған университеті) бітірген. Жезқазған қалалық мектеп мұғалімі (1980-84), Жезқазған педагогикалық институтында оқытушы (1984-86), ҚазПИ-де ғылыми зерттеуші (1987-88, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Жезқазған педагогикалық институтында кафедра оқытушысы (1988-89), Алматы мемлекеттік университетінде (қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) аспирант (1989-92), Жезқазған педагогикалық институтында аға оқытушы (1993-96), Жезқазған университетінде кафедра меңгерушісі (1996-98), Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушы (1998-2005), 2005 жылдан кафедра профессоры.
Ғылыми бағыты Негізгі ғылыми бағыты тілдік тұлға, салғастырмалы жəне лингвокогнитивтік қостілдік тұлғаны бейнелеу, публицистикалық; аударма мəселелеріне арналған. "Феномен билингвальной личности публициста (лингвокогнитивный и сопоставительный аспекты)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Амалбекова Марал Бимендеқызы. Ударно освоила на пенсии… детскую мечту.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Еуразия ұлттық университеті тұлғалары