Флорида штаты университеті (, FSU) — АҚШ-тың Флорида штаты, Таллахасси қаласында орналасқан мемлекеттік университет. Бұл — Карнеги қоры анықтаған ғылыми-зерттеу белсенділігі өте жоғары зерттеу университеті.Carnegie Foundation Classifications Университет құрамына 16 жеке колледж бен 110-нан астам орталықтар, нысандар, зертханалар мен институттар кіреді, олар 300-ден астам оқу бағдарламасын, соның ішінде кәсіби бағдарламаларды ұсынады. Флорида штаты университетінде Флоридадағы жалғыз ұлттық зертхана — орналасқан, сонымен қатар ол коммерциялық тұрғыдан табысты «Таксол» қатерлі ісікке қарсы препаратының отаны болып табылады. Флорида штаты университеті , Флорида штатының мемлекеттік көркемсурет мұражайын және елдегі ең ірі мұражай/университет кешендерінің бірін басқарады. Флорида штаты университеті VI деңгейдегі мемлекеттік мекеме ретінде аккредиттелген.
Университет 1851 жылы құрылған және Флорида штатындағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.Argo 1905 жылы университет тарихында алғаш рет студент Родс Стипендиясын иеленді. 1977 жылы Флорида штаты университетінің студенті Флоридадағы алғашқы әйелдер арасындағы Родс стипендиясын алды. 2012 жылы U.S. News & World Report басылымы университетті АҚШ-тағы ең тиімді ұлттық университет деп атады. Флорида штаты университеті — «үздік университет» (2013 жылы губернатор Рик Скотт қол қойған Флориданың №1076 заң жобасы) мәртебесіне ие болған штаттағы екі мемлекеттік университеттің бірі.
Тағы қараңыз Флорида штаты университетіндегі атыс
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер http://www.fsu.edu/ http://news.fsu.edu/ http://www.seminoles.com/ https://web.archive.org/web/20141223111652/http://www.uniintheusa.com/usa-unis/south/100018/florida-state-university
Санат:Флоридадағы университеттер