Новокубанка — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл, Новокубан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шортанды кенті мен темір жол стансасынан батысқа қарай 18 км-дей жерде, Қалқұтан өзенінің сол аңғарында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18101893 1721 90,9 946 854 90,3 947 867 91,6
Тарихы Іргесін 1934 жылы Кубаннан (Ресей) Қазақстанға қоныс аударған шаруалар қалаған. 1934 жылдан “Қазақстанның 18 жылдығы” атындағы ұжымшар мен КСРО Мемлекеттік агроөнеркәсібі астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Шортанды тәжірибе шаруашылығының орталығы болып келді. Қазір ауылда ЖШС-тер мен “Ремтранссервиз” АҚ жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Шортанды ауданы елді мекендері