thumb|right|200px|Баснан плакаты КСРО азық-түлік өнеркәсібі халық комиссариаты () — 1934 жылдан 1946 жылға дейін КСРО-дағы мемлекеттік азық-түлік өнеркәсібін реттейтін орталық басқарушы орган.

Тарихы И. В. Сталиннің ұсынысы бойынша КСРО ОАК мен ХКК 1934 жылғы 29 шілдедегі № 1813 «КСРО қамсыздандыру халық комиссариатын екі тәуелсіз халық комиссариатына: КСР Одағы ішкі сауда халық комиссариатына және КСР Одағы азық-түлік өнеркәсібі халық комиссариатына бөлу туралы» қаулысымен құрылды.

КСРО ХКК «Азық-түлік өнеркәсібі халық комиссариатының (Азтөнхалком) орталық аппаратының құрылымы туралы» №2125 қаулысы 1934 жылы 11 қыркүйекте бекітілді.

1936 жылы халық комиссариаттың құрамына КСРО-ның бүкіл мемлекеттік шарап өнеркәсібі кірді.

1938 жылы Азық-түлік өнеркәсібі халық комиссариаты қарамағында азық-түлік өнеркәсібінің жарнамалық қызметін жүзеге асыратын «Союзпищепромреклама» Бүкілодақтық кеңсесі құрылды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1939 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен ол үш халық комиссариатына: КСРО балық өнеркәсібі халық комиссариаты, КСРО ет және сүт өнеркәсібі министрлігі және КСРО азық-түлік өнеркәсібі халық комиссариатына бөлінді.

1946 жылы халық комиссариаты КСРО азық-түлік өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылдыO преобразовании министерств СССР: закон СССР от 15 марта 1953 года // Сборник законов СССР и указов Президиума Верховного Совета СССР : (1938 — июль 1956) / под ред. Мандельштам Ю. И. — Москва: Государственное издательство юридической литературы, 1956. — С. 78—80.

Жетекшілігі Халық комиссарлары: А. И. Микоян (1934—1938) А. Л. Гилинский (1938) И. Г. Кабанов (1938—1939) В. П. Зотов (1939—1946).

Орынбасарлары: А. Е. Бадаев (10.1935—8.1937) М. Н. Беленький (1936—1937) А. Л. Гилинский (7.1937—1.1938) П. С. Жемчужина (1937—1939) В. П. Зотов (1938—1939) Н. В. Подгорный (1940—1942) А. С. Михаленков (1942-1943) И. К. Сиволап (1941—1946) В. А. Нестерович (1943—?; Халық комиссарлары кеңесінің 1943 жылғы 10 шілдедегі № 576 қаулысы) және басқалары.

Құрлымы Азық-түлік өнеркәсібі халық комиссариаты бірнеше рет қайта құрылып, әртүрлі уақытта оның құрамына келесі бөлімдер кірді:

Бас басқармалар: ет өнеркәсіптері — Басет балық өнеркәсіптері — Басбалық — 1939 ж. 19 қаңтарынан бастап КСРО балық өнеркәсібі халық комиссариаты балық шаруашылығын және балық өсіруді қорғау құс өнеркәсіптері — Басқұсөн қант өнеркәсіптері — Басқант спирт және арақ өнеркәсіптері консерв өнеркәсіптері — Басконсерв май айырғыш пен май шығаратын және парфюмерлі-косметикалық өнеркәсіптері май шайқау және ірімшік қайнату өнеркәсіптері сүт өнеркәсіптері — Бассүт маргарин өнеркәсіптері — Басмаргарин жеміс-көкөніс өнеркәсіптері — Басжеміскөкөніс темекі-қисары өнеркәсіптері — Бастемекі тұз өнеркәсіптері — Бастұз кондитер өнеркәсіптері — Баскондитер крахмал-сірне өнеркәсіптері — Баскрахмал сыра қайнату және ашытқы өнеркәсіптері — Бассыра, Бассыраөн мұздатқыш өнеркәсіптері — Басмұзөн құрама жем өнеркәсіптері күрделі құрылыс Басшарап Басмай Басұн Басликёрарақ Басмакаронөн Баспарфюмер Бассірне Басжеміс Баснан Басшәй

Бүкілодақтық дайындама бірлестіктері: малды дайындау бойынша — Союззаготскот темекі мен көк темекі дайындау бойынша — Союзтабаксырьё

Басқармалар: көлік санитарлық қызметтер мал дәрігерлік инспекция

Бөлімдер: жоспарлы-экономикалық сауда қаржы мен жиынтық бухгалтерия жұмылдыру әкімшілік-шаруашылық статистикалық есеп

Сонымен қатар: хатшылық қызметкерлерді іріктеу және тіркеу секторы атқарымдарды тексеру жөніндегі қадағалаушылар тобы сапасы жөніндегі инспекция арбитраж УКСР, БКСР, ККФСР, Өзбек КСР, Қазақ АКСР, Қырым АКСР және басқа республикалардағы, өлкелер мен облыстардағы уәкілетті өкілдер мен қадағалаушылар.

Марапаттары thumb|left|200px|«КСРО Азтөнхалком социалистік жарыстың үздігі» белгісі 1938 жылы Азтөнхалком жүйесіндегі азық-түлік өнеркәсібі қызметкерлерін марапаттау үшін «КСРО Азтөнхалком социалистік жарыстың үздігі» () құрмет белгісі белгіленді.

Сілтеме Постановление XVI Всероссийского съезда Советов от 23.01.1935 Знак «Отличник социалистического соревнования Наркомпищепрома СССР»

Дереккөздер

Санат:КСРО азық-түлік өнеркәсібі халық комиссариаты Санат:КСРО халық комиссариаттары Санат:КСРО азық-түлік өнеркәсібі Санат:1934 жылы құрылған ұйымдар