Новоильиновка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл, Новоильин ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км жерде, Тобыл өзенінің сол жағасында, дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1738 адам (844 ер адам және 894 әйел адам) болса, 2009 жылы 1470 адамды (731 ер адам және 739 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1901 жылы қаланған. 1961-1997 жылдары сүт өндіретін кеңшар орталығы болған. Оның негізінде Новоильинкада және округтегі 8 ауылда ӨК, ЖШС-тер жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Бейімбет Майлин ауданы елді мекендері