Гүлнәр Төлеуғазықызы Мұсабалина — тарих ғылымының докторы (2011), профессор

Өмірбаяны, еңбек жолы 1964 жылы 23 мамырда Шығыс Қазақстан облысында туған.

Семей мемлекеттік педагогикалық иснтитутын (1986, қазіргі Шәкәрім университеті), "Қайнар" университетін (2005) бітірген. 1986-95 жылдары Семей педагогикалық колледжінде, 1996-2004 жылдары Семей мемлекеттік университетінде, 2004-11 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық иснтитутында, 2011 жылдан Еуразия ұлттық университетінде педагогикалық-ғылыми жұмыспен айналысады.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – Қазақстанды отарлау тарихы, аймақ тарихы. "Общественно-политическая жизнь Восточного Казахстана в XIX веке: исторический анализ" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралының авторы.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2007);Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. Қазақстан Республикасының "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2024).Қазақстан Ғылым күніне орай ЕҰУ-дың бірқатар қызметкерлері марапатқа ие болды.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Гүлнәр Төлеуғазықызы Мұсабалина.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Еуразия ұлттық университетінің профессорлары