нобай|Қазіргі өзбек латын әліпбиі Өзбек латын әліпбиі () — латын графикасына негізделген әріп-дыбыс (фонографиялық) жазу түрі. Өзбек жазуы тарихында латын жазуына негізделген әліпбидің бірнеше нұсқасы қабылданған.

1929—1934 A aB ʙC cÇ çD dE eƏ əF fG gƢ ƣH hI iJ jK kL lM mN nꞐ ꞑO oӨ өP pQ qR rS sŞ şT tU uV vX xY yZ zƵ ƶЬ ь' Өзбек жазуын араб графикасынан латын графикасына көшіру туралы алғашқы шешім 1929 жылғы 15–23 мамыр күндері Самарқан қаласында өткен республика жазушылары, тіл мамандары және жетекші зиялылар қатысқан конференцияда қабылданған. Бұл шешім 1929 жылғы 10 тамызда Өзбек КСР Халық ағарту комиссариаты алқасы тарапынан бекітілген. Бұл үдеріс еріктіліктен гөрі көбіне мәжбүрлі сипатта болып, Мәскеуде жасалған жоспар негізінде және Мәскеу өкілдерінің бақылауымен жүзеге асырылған.

1934—1940 A aB ʙC cÇ çD dE e(Ə ə)F fG gƢ ƣH hI iJ jK kL lM mN nꞐ ꞑO oP pQ qR rS sŞ şT tU uV vX xZ zƵ ƶ' Самарқанд конференциясында қабылданған «латындандырылған өзбек әліпбиі» 33 әріптен және бір таңбадан (апостроф) тұрған. Конференцияда сингармонизм өзбек әдеби тіліне тән құбылыс деп танылып, әліпбиге 9 дауысты дыбыс үшін жеке әріптер енгізілген. Алайда осы негізде жасалған емле ережелері кейін өзін ақтамады, іс жүзінде емледе ретсіздік пайда болып, бір сөз бірнеше түрлі жазылатын болды. Соның нәтижесінде 1934 жылдың қаңтарында тіл және емле мәселелеріне арналған республикалық съезде өзбек әліпбиінен Ө ө, Y y, Ь ь әріптерін алып тастау, Ə ə әрпін қолдануды шектеу және оның орнына көп жағдайда A a әрпін қолдану туралы шешім қабылданды. Бұл шешім 1934 жылғы 13 наурызда Өзбек КСР үкіметі тарапынан бекітілді.

Алайда өткен ғасырдың 30-жылдарының екінші жартысынан бастап өзбек жазуын орыс графикасы негізінде қалыптастыру жұмыстары басталып, бұл үдеріс 1940 жылы жаңа кирилл әліпбиінің қабылдануымен аяқталды.

1993-1995 A aB ʙC cÇ çD dE eF fG gĞ ğH hI iJ jK kL lM mN nÑ ñO oÖ öP pQ qR rS sŞ şT tU uV vX xY yZ zɈ ɉʼ

Әріптердің әліпбидегі бастапқы реті: A a, B b, C c, D d, E e, F f, G g, H h, I i, J j, K k, L l, M m, N n, O o, P p, Q q, R r, S s, T t, U u, V v, X x, Y y, Z z, Ç ç, Ğ ğ, Ɉ ɉ, Ñ ñ, Ö ö, Ş ş, ʼ.

Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан кейін республикада өзбек жазуын орыс графикасынан қайтадан латын графикасына көшіру туралы пікірлер айтыла бастады. Бұл мәселе бір жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып, 1993 жылғы 2 қыркүйекте «Латын жазуына негізделген өзбек әліпбиін енгізу туралы» заң жарияланды. Жаңадан қабылданған өзбек әліпбиі 31 әріптен және бір тұтық белгісінен (апостроф) тұрады.

1995 — қазіргі уақытқа дейін A aB bCh chD dE eF fG gGʻ gʻH hI iJ jK kL lM mN nngO oOʻ oʻP pQ qR rS sSh shT tU uV vX xY yZ zʼ

Әріптердің әліпбидегі бастапқы реті: А а, B b, D d, Е е, F f, G g, H h, I i, J j, K k, L l, М m, N n, О о, P p, Q q, R r, S s, Т t, U u, V v, X x, Y y, Z z, Oʻ oʻ, Gʻ gʻ, Sh sh, Ch ch, ng, ʼ.

1993 жылы енгізілген әліпби мен соның негізінде жасалған «Өзбек тілінің негізгі емле ережелері» талқылау барысында бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылып, сын ескертпелер жасалды. Соның нәтижесінде 1995 жылғы 6 мамырда Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі әліпбиге өзгерістер енгізу туралы заң қабылдады.

Бұл құжатқа сәйкес: 1) жаңа өзбек әліпбиі 26 әріптен және 3 әріп тіркесінен тұратыны белгіленді; 2)C c, Ɉ ɉ әріптері әліпбиден алынып тасталды; 3) Ç ç, Ğ ğ, Ş ş, Ñ ñ әріптерінің жазылуына өзгерістер енгізілді. Жаңа әліпби негізінде жұмыс 1996 жылдан басталуы тиіс деп белгіленді.

2004–2005 жылдары Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі мен Министрлер Кабинеті «Латын жазуына негізделген өзбек әліпбиін енгізу туралы» заңды жүзеге асыруды жеделдету және жетілдіру жөнінде маңызды шешімдер қабылдады.OʻzME (2000-2005). Abduvahob Madvaliyev.

Тағы қараңыз Өзбек әліпбиі

Дереккөздер

Санат:Латын әліпбиіне негізделген әліпбилер Санат:Өзбек тілі