Мұхаммед Жақып би () — мемлекет және әскери қайраткер, Бұхара әмірлігінің құшбегі — премьер-министрі (1860–1870).

Әмір Мұзаффардың тәрбиесінде болған құлдарының бірі еді.

Саяси және әскери қызметі ​Әмір Мұзаффардың билігі кезінде Мұхаммед Жақып би Қаттықорған және Ғұзар бектіктерінің әкімі болып тағайындалды.

​Ресей армиясының 1866–1868 жылдары Бұхара әмірлігіне қарсы жасаған әскери жорықтарының алдында Мұхаммед Жақып би Бұхара әскерінің бас қолбасшысы болып тағайындалады.

Бұхараның көрнекті ойшылы Ахмет Даныш Мұхаммед Жақып биге мынадай сипаттама берген:

1868 жылы Ресей империясымен бейбіт келісімнің жасалуы және Бұхара үшін өте ауыр шарттармен Орыс-бұхара келісіміне қол қойылуы халықтың әмір Мұзаффардың саясатына деген наразылығын күшейтті. Сол жылдың күзінде Бұхарадағы әкесінің тағын тартып алмақ болған Сейіт Әбдімәліктің бастауымен көтеріліс бұрқ ете түсті.

Әмір генерал-лейтенант К.П. фон Кауфманнан көмек сұрайды, ол әмірге жәрдем ретінде генерал А.К. Абрамовтың қолбасшылығымен әскер жібереді. А.К. Абрамовтың бөлімдері мен Тоқтамыс инақтың қолбасшылығындағы Бұхара әскері (бұл әскерде артиллерия бастығы болып Мұхаммед Жақып би тағайындалады) 1868 жылғы 27 қазанда Қаршыны иеленеді. Бұдан кейін әмір Мұхаммед Жақып би бастаған әскерді Шырақшыға аттандырады.

Көтеріліс басылғаннан кейін әмір бағынбаған қоңырат және сарай тайпаларын жазалау үшін Сейіт Әбділмүмін мен Мұхаммед Жақып биді Шерабадқа аттандырады. Шерабадты иеленіп, бүлікшілерді тиісінше жазалағаннан кейін Мұхаммед Жақып би әскерін бастап барып, Денауды басып алады. Ол жерден бүкіл Ғиссар бектігін Бұхара әмірлігіне қайта қосып, Ғиссар-и Шадманға аттанады, содан соң үлкен қолмен Күләбқа бет алады. Мұхаммед Жақып би Күләб аймағын оған қарасты барлық иеліктерімен бірге жаулап алған соң, әскерімен Ғұзарға оралып, сонда қалады.

Абдалазим Самидің деректері бойынша, құсбегі Жақып би және басқа да кейбір патша ғұламдары «билеушіге өте үлкен ықпал еткен, олардың қарауынсыз және пікірінсіз ешкім қандай да бір іске араласуға батылы бармайтын».

Әдебиет Ахмад Дониш. История мангитской династии. Душанбе. Дониш. 1967 Абдалазим Сами. Та’рих-и Салатин-и Мангитийа. М. 1962 Мирза Салимбек. Тарих-и Салими (Источник по истории Бухарского эмирата). Ташкент. Akademiya. 2009

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер Санат:Бұхара құшбегілері Санат:Ғұзар бектері Санат:Қаттықорған бектері