Өткір би (Өткір сопы, ; 1743, Бұхара, Бұхара хандығы – 1812, Бұхара, Бұхара әмірлігі) — мемлекет және әскери қайраткері, Бұхара әмірлігінің жоғарғы құшбегісі — бас уәзірі (1790—1812).

Шығу тегі ​Өткір би шығу тегі жағынан өзбектің маңғыт руынан болған, Бұхара қаласында дүниеге келген.

Саяси және әскери қызметі ​Шахмұрат әмірдің билігі кезінде (1785–1800) жоғарғы құшбегі Өткір би үлкен ықпалға ие болды. Шахмұрат әмір науқастанған уақытта, тақты оның көптеген ұлдарының бірі — Хайдарға (1800–1826) тапсыруды дәл осы Өткір би ұсынған болатын.Анке фон Кюгельген. Легитимизация среднеазиатской династии мангитов в произведениях их историков (XVIII–XIX вв.). — Алматы: Дайк пресс, 2004. — С. 279.

​Хайдар әмірдің тұсында Өткір құшбегі өз лауазымын сақтап қана қоймай, бұл қызметке өзінің ұлы Мұхаммед Хәкім биді тағайындатуға қол жеткізді.

Бұхараның Равгангарон орамында (басқа деректер бойынша, Мусурмон-энага орамында) Өткір құшбегі медресесі деген атпен танымал болған үлкен екі қабатты медресе болды.

​Өткір құшбегі Бұхарада қайтыс болды.

Әдебиет Анке фон Кюгельген. Легитимизация среднеазиатской династии мангитов в произведениях их историков (XVIII–XIX вв.). — Алматы: Дайк пресс, 2004. Ахмад Дониш. История мангитской династии. — Душанбе: Дониш, 1967.

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер Санат:Бұхара құшбегілері Санат:Қаршы бектері