Адам Рисс (; 16 желтоқсан 1969, Вашингтон) — американдық астрофизик және Саул Перлмуттер мен Брайан Шмидтпен бірге «алыстағы суперноваларды бақылау арқылы Әлемнің жеделдетілген кеңеюін ашқаны үшін» 2011 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының иегері.
Өмірбаяны Адам Гай Рисс 1969 жылы желтоқсанда Вашингтонда, Колумбия округінде, еврей отбасында үш баланың кенжесі болып дүниеге келген. Әкесі — Майкл Рисс (1931–2007), теңіз инженері және Bistro International мұздатылған азық-түлік тарату компаниясының иесі, 1936 жылы ата-анасымен бірге Германиядан «Европа» желкенді кемесімен қоныс аударған. Анасы — Дорис Рисс психолог болған. Рисстің әкесі жағынан атасы — журналист, соғыс тілшісі және жазушы Курт Рисс (1902—1990) болған.
Ол Уоррен (Нью-Джерси штаты) қаласында өсті 1992 жылы Массачусетс технологиялық институтын бітіріп, Phi Delta Theta студенттік қауымдастығының мүшесі болды 1996 жылы Гарвард университетінде PhD дәрежесін алды. Роберт Киршнердің жетекшілігімен жазылған диссертациясы Ia типті супернова туралы болды. 1999 жылы Ғарыштық телескоп ғылым институтына келгенге дейін Рисс Берклидегі Калифорния университетінің Миллер институтында ғылыми қызметкер болды. 1998 жылдан бастап Адам Рисс және Брайан Шмидтпен бірге Ia типті супернова іздеу бағдарламаларының негізгі зерттеушілерінің бірі болды. Сол жылы оның тобы Перлмуттер бастаған топпен бірге Ғаламның жеделдетілген кеңеюін көрсете алдыCosmology ABC Catalyst segment on Cosmology, with Brian Schmidt, Ray Norris, & Lawrence Kraus. Бұл жаңалық Science журналында «жылдың серпілісі» деп аталды. 2005 жылдан бастап ол Джонс Хопкинс университетінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, ол алыстағы суперноваларды анықтау бойынша Хаббл ғарыштық телескопының бағдарламасын басқарады. Оның командасы Әлемнің кеңеюін 10 миллиард жыл бұрынға дейін сәтті бақылады.
2009 жылдан бастап Рисс АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі.
Марапаттар
1999 — Роберт Трамплер сыйлығы 2001 — Гарвард университетінің Бок сыйлығы 2002 — Хелена Уорнер сыйлығы 2004 — Саклер сыйлығы 2006 — Перлмуттер мен Шмидтпен бірлесіп астрономия саласындағы Шао сыйлығы 2008 — Макартур Грант 2011 — Альберт Эйнштейн медалі 2011 — Перлмуттер және Шмидтпен бірлесіп физика бойынша Нобель сыйлығы 2015 — Фундаменталды физика бойынша сыйлық
Дереккөздер
Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері мен корреспондент мүшелері Санат:АҚШ астрофизиктері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ физиктері