Светлана Өдепқызы Смағұлова — тарих ғылымының докторы (2010), доцент (2004).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1968 жылы 4 қыркүйекте қазіргі Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында туған.

Қазақ ұлттық университетін (1993) бітірген. 1993-2011 жылдары Тарих және этнология институтында аға лаборант, кіші, аға, бас ғылыми қызметкер, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. 2020-21 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында, 2021-22 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының Әлеуметтік зерттеулер орталығының меңгерушісі, 2022-23 жылдары А. Байтұрсынұлының мұражай-үйінің бас ғылыми қызметкері қызметтерін атқарды. 2023 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті.Смағұлова Светлана Одепқызы.

Ғылыми бағыты, еңбектері XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Қазақстандағы жер мәселесі мен патша саясатына қарсы күрес жүргізген ұлттық интеллигенцияның қазақ қоғамындағы рөлін, XX ғасырдағы Қазақстандағы саяси оқиғаларды, Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметтерін, "Үш жүз" партиясының қызметін, XIX ғасырдың 20-30-жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы мен деректік маңызын зерттеу. 450-дей ғылыми еңбектің, оның ішінде 7 монографияның, 40-тан астам ғылыми жинақтың, жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу-әдістемелік бағдарламалар мен дидиктикалық оқу құралдарының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Балаларды баудай қиған ашаршылық.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті тұлғалары