Айгүл Тұрсынқызы Садырова — химия ғылымының докторы (2010), доцент (2009).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1965 жылы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Первомайский кентінде туған.

Ленинград технологиялық институтын (1988, қазіргі Санкт-Петербург) бітірген. 1988-2009 жылдары Химия ғылымдары институтында инженер, аспирант, ғылыми аға, бас ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, зертхана меңгерушісі, 2009 жылдан ғалым-хатшы қызметін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – бейорганикалық заттар химия технологиясы саласы. "Көп функционалды мақсаттың қосылыстарына Қаратаудың доломитизирленген шикізатының кешенді қайта өндірілуі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 алдын ала патенттің, 1 өнертабыстық патентінің авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Химия ғылымдарының докторлары