Алтайы Иранбекқызы Оразбаева — тарих ғылымының докторы (2006), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1970 жылы 14 наурызда Қызылорда облысында туған.

Қазақ ұлттық университетін (1992), Еуразия ұлттық университетінің докторантурасын (2005) бітірген. 1992-95 жылдары Тарих және этнология институтында кіші ғылыми қызметкер, 1996-2001 жылдары Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, деканның орынбасары, доцент, 2001-02 жылдары Еуразия ұлттық университетінде доцент, 2006-08 жылдары Шығыстану институтында жетекші ғылыми қызметкер, 2008-09 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институтында директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдан Шығыстану институтында жетекші ғылыми қызметкер.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Цивилизационные особенности социкультурного развития традиционного казахского общества в XV-XVIII вв.(теоретические и методологические проблемы)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты – дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар, билер институтының пайда болуы мен даму үрдісінің заңдылықтары, Еуразия далалық аумағы көшпелілер өркениетінің даму ерекшеліктеріне қатысты ілімдік және әдістемелік, отандық тарих философиясына тиеселі мәселелерді зарттеу. 60-тан астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның, Қазақстан тарихы бойынша лекциялар курсының авторы.

Марапаттары Жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты (2001); "Дарын мемлекеттік жастар сыйлығы" лауреаты (2004).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер «ЗАМАН. ҚОҒАМ. ТАРИХШЫ». Оразбаева Алтайы Иранбекқызы.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Профессорлар