Ислам революциясы сақшыларының корпусы (ИРСК; , Sepāh-e Pāsdārān-e Enqelāb-e Eslāmī) — Иран қарулы күштерінің көпқызметті әскері. Оған Иран жоғарғы көсемі тағайындайтын Жоғарғы бас қолбасшы басшылық етеді.
Корпусты Рухолла Хомейни Ислам төңкерісінен кейін 1979 жылы күш тарауы ретінде құрған болатын. Иран армиясы елді дәстүрлі түрде халықаралық деңгейде қорғаса, ИРСК Ислам республикасының сақталуын қадағалайды."Profile: Iran's Revolutionary Guards". BBC News. 2009-10-18.
Корпустың Басидж бен Құдыс күштері бөлімшелері елде аса маңызды. Корпустың, оған қоса, «Sepah News» атты жаңалықтар арнасы бар. Дәл қазір Корпусты АҚШ, Аустралия, Бахрейн, Еуропа Одағы, Израиль, Канада, Парагвай, Сауд Арабиясы, Украина, Швеция, Эквадор лаңкестік топ деп таниды. Аргентина бұлай деп тек Құдыс күштерін көреді.
Идеологиялық жасақ ретінде құрылған ИРСК Иран саясатының, экономикасының (оның ішінде энергетика мен азық-түлік өнеркәсібі) және қоғамның барлық дерлік салаларында барған сайын өсіп келе жатқан рөл атқарып келеді. 2010 жылы BBC News ұйымды «бизнес империясы» деді. Батыстың біраз сарапшысы пайымдауынша, Махмұд Ахмадинежад тұсындағы, әсіресе 2009 жылғы президент сайлауы мен одан кейінгі наразылықтардың басылуы кезіндегі ИРСК-нің әлеуметтік, саяси, әскери және экономикалық рөлінің кеңеюі саяси билік тұрғысынан Корпусты тіпті елдің билеуші молдаларынан да асып түсті.
Корпустың идеологиясы хомейнишіл, шиия исламист, жиһадист, теократиялық, консерватисті, ұлтшыл, антиимпериалист, антисионистік, панисламист деп бағаланады.
Ескертпелер
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Алфавит бойынша жауынгерлік құралымдар Санат:Иран Қарулы күштері Санат:Оперативтік қызметтер Санат:Иран арнайы қызметі Санат:Революция гвардиясы Санат:Ислам төңкерісі ұйымдары Санат:Антисионистік ұйымдар Санат:Ирандағы антисионизм Санат:Ирандағы антиамериканизм Санат:Контрреволюционизм Санат:Ирандағы лаңкестік Санат:Мемлекеттік лаңкестік