Уақытша басшылық кеңесі (, Šurâ-ye Enteqâli-ye Rahbari) — Иран жоғарғы көсемі лауазымы бос болғанда мемлекет басшысы рөлін де-факто атқаратын бірлескен орган. Кеңес өкілеттігіне жаңа жоғарғы көсемнің сайланып, тағайындалуына дейін ие, елдің ең жоғарғы билік органы делінеді.

Уақытша басшылық кеңесі 2026 жылғы 1 наурыздан 8 наурызға дейін оның құрамына президент Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы Голям Хоссейн Мохсени-Эджеи мен аятолла Әлиреза Арафи енді.Бірнеше дереккөз: https://www.kurdistan24.net/en/story/897069

Алғышарттары 111-бап Иран конституциясының 111-бабында былай делінген:

Он екі күндік соғыс кезіндегі ұқсас жағдай Он екі күндік соғыс кезінде Әли Хаменеи тығылып жүрді де, онымен ешкім байланыс орната алмай қалды. Осы кездері Әли Ардашир Лариджани өзін «Иран құтқарушысы» қылмақ болды, алайда де-факто басшы болмай қалды да, оны ешкім солай деп танымады да. Ол 2026 жылға қарай ықпалын көтерді де, қазіргі күнде де-факто басшы делінеді.https://sundayguardianlive.com/world/who-is-ali-larijani-why-the-former-irgc-commander-is-being-seen-as-a-key-power-manager-and-possible-khamenei-successor-figure-as-supreme-leader-173229/https://www.tagesspiegel.de/internationales/vertrauter-des-revolutionsfuhrers-dieser-mann-soll-irans-regime-retten-15233853.htmlhttps://www.sueddeutsche.de/politik/iran-krieg-chamenei-ali-laridschani-portraet-li.3396528?reduced=true Басқа деректер де-факто басшы деп Ислам революциясы сақшылары корпусының әскери хунтасын атайды. Иранның Ислам мәдениеті, бағыт-бағдар мен туризм министрінің айтуынша, Хаменеи орнына Иран парламентінің спикері Мұхаммед-Багер Галибаф келген.

Хаменеи өлтірілуі 2026 жылғы Ирандағы соғыс кезінде АҚШ пен Израиль әуе шабуылдарынан Жоғарғы көсем Әли Хаменеи қайтыс болды. 2026 жылғы 1 наурызда осыған орай Конституцияның 111-бабына сәйкес Уақытша басшылық кеңесі құрылды.

Кеңес 8 наурызға дейін қызмет атқарды да, Сарапшылар кеңесі келесі жоғарғы көсем қылып Моджтаба Хаменеиді сайлады. Кеңес осылайша таратылды.

Кеңес мүшелері Аты-жөні Портреті Лауазымы Тобы Фракциясы Иран президенті(2024 жылдан) Партиясыз Реформашы Сот билігінің басшысы(2021 жылдан) Қом семинария оқытушыларының қоғамы Консерватор Партиясыз

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Иран билеушілері