Ramisyllis kingghidorahi — көпқылтанды құрттарға жақызылатын құрт түрі.
Жапон теңізіндегі Садо аралын қоршаған суларда мекен етеді. 2019 жылдың қазанында ғалымдар сол жерден Petrosia губкаларын жинап алып, кейін солардың ішкі каналдарында осы құрттарды тапқан. Яғни құрттар губкалармен симбиоздық қатынаста тіршілік етеді.
Бұл құрттар өзінің тармақталатын денесімен ерекшеленеді. Барлық тармақтарының диаметрлері шамамен бірдей.
Ғалымдар жаңа түрді Кинг Гидораның атымен атады. Бұл Годзилла туралы фильмдердегі үшбасты, екіқұйрықты құбыжық болып келеді.
Тағы қараңыз Scytodes kumonga — сол жанрдағы фильмдерде кездесетін басқа құбыжықтың атымен аталған өрмекшілер
Дереккөздер
Санат:Syllidae Санат:Годзилла