Михаил Альбертович Фёдоров (, ; 21 қаңтар 1991 жыл, Васильевка, Запорожье облысы) — украиналық саясаткер мен кәсіпкер, 2026 жылғы қаңтардан шілдеге дейінгі Украина Қорғаныс министрі.
Фёдоров 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы қаңтарға дейін Украина премьер-министрінің Бірінші орынбасары — Цифрлық трансформация министрі, 2019–2023 жылдары Премьер-министр орынбасары — Цифрлық трансформация министрі болған.New Cabinet formed in Ukraine The Rada appointed the new Cabinet: Avakov and Markarova remained (РАДА ПРИЗНАЧИЛА НОВИЙ КАБМІН: АВАКОВ І МАРКАРОВА ЛИШИЛИСЬ) , Українська правда (29 тамыз 2019)
Жас кезі және білімі Фёдоров 1991 жылғы 21 қаңтарда Запорожье облысының Васильевка қаласында туған болатын.
2009 жылдан 2014 жылға дейін ол Запорожье ұлттық университетінің социология және басқару факультетінде білім алды.
Кәсіпкерлік мансабы 2015 жылы Фёдоров «SMMSTUDIO» компаниясын негіздеп, оның бас директоры атанды. 2017 жылы ол ағаш өңдеу бұйымдарына, су құбыры желілерін орнатуға және сылақ жұмыстарына маманданған «5 служба» компаниясын да құрды.
2018 жылы актёр мен комик Владимир Зеленский Фёдоровты 2019 жылғы президенттік кампаниясына шақырды. Фёдоров осылайша «Зеленский тобының» мүшесі атанды.
Саяси мансабы Фёдоров өз саяси мансабын 2014 жылы «5.10» либертариан партиясының атынан Верховна Рада депутаттығына үміткер болып бастаған болатын. Ол, алайда, сайлана алмады.
2019 жылы ол жаңадан сайланған президент Владимир Зеленскийдің кеңесшісі және Халықтың қызметшісі партия атынан Украина халық депутаты атанды. Келесі күні, 2019 жылғы 29 тамызда ол депутаттықтан кетті де, Премьер-министр орынбасары — Цифрлық трансформация министрі болып тағайындалды.
2026 жылғы 14 қаңтарда 277 халық депутатынан дауыс алған ол Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Сол күндері президент Зеленский шенеуніктерін алмастырған болатын.
Қорғаныс министрі лауазымында көп тұра алмаған Фёдоров сол жылғы 15 шілдеде лауазымынан босатылды. Бұл оның Александр Сырскиймен болған дауы себебінен болды деген түсінік көп таралған. Президенттің осы шешіміне қарсы елде наразылық шаралары болды. Бір айдан көп созылған наразылыққа қарамастан Фёдоровтың міндетін атқарып жүрген ізбасары Евгений Хмараны Верховна Рада Қорғаныс министрі лауазымына 2026 жылғы 19 тамызда ресми түрде тағайындады.
Хмараның ресми тағайындалуынан бір күн бұрын Фёдоров бүкіл Украина халқына жолдау жасаған болатын. Бұл бейнеде ол соғыс барысында болса да сайлаудың өткізілгенін талап етіп, елдегі жемқорлықты тағы бір еске алды. Бірнеше дереккөз бұл әрекетті оның ресми түрде толыққанды оппозицияға көшкені, өз саяси жолын бастағаны деп көрді.
Өз өмірі Фёдоров Анастасия Владимировна Фёдороваға (туғанында Карпенко) үйленген. Анастасия да Запорожье ұлттық университетінде, алайда басқа факультетте оқыған болатын. 2017 жылы жұптың қызы Мария дүниеге келген.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Михаил Фёдоров, Facebook Михаил Фёдоров, Twitter Михаил Фёдоров, Instagram
Санат:Украина саясаткерлері Санат:Украина кәсіпкерлері Санат:Украина қорғаныс министрлері Санат:Украина цифрлық трансформация министрлері Санат:Украина Верховна Радасы IX шақырылымы халық депутаттары Санат:Украина депутаттары Санат:Халықтың қызметшісі мүшелері Санат:Украина президентінің кеңесшілері Санат:Украина бірінші вице-премьер-министрлері Санат:Украина вице-премьер-министрлері Санат:Шмыгаль үкіметі Санат:Свириденко үкіметі Санат:Гончарук үкіметі