Қасымхан Әкішұлы Шанин (15 қазан 1925 — 11 наурыз 1968Касымхан Шанин - актёр, театральный деятель - биография - советские актёры - Кино-Театр.Ру) — қазақ актері, Жұмат Шаниннің інісі Әкіштің ұлы. Өмірбаяны 1925 жылы 15 қазанда Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылғы қуғын-сүргіннен кейін Шаниндердің отбасы Алматыдан Шымкентке көшіріліп, осы қалада Қасымхан Шаниннің театрға бағышталған өмірі басталады. Ол 1940 жылы Шымкент облыстық драма театрында актер болып жұмыс істей бастайды. 1946 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (БМКИ-ВГИК) режиссерлік факультетіне түседі де, артынша отбасы жағдайына қарай Ташкенттегі Театр-көркемөнер институтының режиссерлік факультетінде оқуын ары қарай жалғастырды. Содан кейін Ленинградтағы курстарда біліктілігін арттырды. Рольдері Институтты бітіргеннен кейін ол Шымкент облыстық драма театрында режиссерлік қызмет атқарды. Б.Майлиннің «Шұға», Р. Гамзатовтың «Тау қызы», К.Смайыловтың «Сенім күші», «Жаяу Мұса», С. Адамбековтің «Біздің үйдің жұлдыздары» спектакльдерін сахнаға шығарды. Сондай-ақ, кинода сомдаған рөлдері де ел жадында. Ол «Қазақфильм» студиясы түсірген «Ботагөз» фильмінде Бүркітбайды, «Қараш-Қараш оқиғасында» тілмаш рөлін орындады. 1960 жылдан бастап режиссерлікке ден қойған ол «Шұға», «Жаяу Мұса», «Тау қызы», «Амангелді» секілді шығармаларды сахналады.
"Қазақфильм" студиясы түсірген "Ботагөз" фильмінде Бүркітбайдың, "Қараш-Қараш" оқиғасы фильмінде тілмаштың рөлін ойнадыҚазақ театрының шырақшысы.
Қызы Райхан "Тақиялы періште" фильміне түсті. Дереккөздер
Сілтемелер Қасымхан Шанин әрі актер әрі режиссер еді...
Санат:КСРО актерлері Санат:Алфавит бойынша актерлер