(45) Евгения — Негізгі белдеуде айналып жатқан аса ірі астероид.

Оны 1857 жылы 27 маусымда Герман Гольдшмидт Парижде ашты.

Францияның соңғы императоры III Наполеонның жұбайы құрметіне орай аталды. (45) Евгения аңыздарға байланысты емес адамның атымен аталған алғашқы астероид болды.

Бұл (87) Сильвиядан кейінгі екі серігі бар екені анықталған екінші астероид болып шықты.

thumb|450px|center|Күн жүйесіндегі орны

Серіктері 1998 жылдың қарашасында Мауна-Кеадағы телескоп көмегімен астероидтың серігі бар екені анықталды. Диаметрі 13 шақырымдай болатын бұл серік негізгі денеден 1200 шақырым қашықтықта болып, оны шамамен бес күнде бір айналады.

Кейін осы серікке Евгениянің баласына құрмет деп, Petit-Prince деген атау берілді. Бұл атау сондай-ақ Антуан де Сент-Экзюперидің Кішкентай ханзада атты шығармасына аллюзия болып келеді.

2004 жылдың ақпанында Чилидегі ғалымдар астероидтың екінші серігін ашты. Оның диаметрі шамамен 6 шақырымды құрайды, ол астероидтан 700 шақырым қашықтықта айналады. Атауы әлі жоқ.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1—100) Санат:Астероидтар