«Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді…» романының авторы — Әлібек Асқаров. Ол Қазақстан жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақ ауылының бастан кешкен қиындықтары мен қызықты оқиғалары, адамдардың алуан тағдырлары арқау болған.
Қысқаша мазмұны Алтай өңірінде өмір сүрген қазақ халқының тағдырын суреттеледі. Шығармада ХХ ғасырдағы тарихи өзгерістер, көші-қон, ел басына түскен ауыр кезеңдер адамдар өмірі арқылы бейнеленеді. Туған жерге деген махаббат, ұлттық рух, салт-дәстүрдің маңызы негізгі идея ретінде алынады. Роман адам мен табиғаттың, тарих пен тағдырдың ажырамас бірлігін көрсетеді. Романдағы тарихи жылдар 1920–1930 жылдар- Ұжымдастыру, тәркілеу, халықтың мал-мүлкінен айырылуы, елдің тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгеруі көрсетіледі.
1930 жылдардағы ашаршылық пен көші-қон- Халықтың Алтай өңірінен ауа көшуі, елдің босып кетуі, ауыр әлеуметтік жағдайлар бейнеленеді.
Кеңес дәуірінің қалыптасу кезеңі- Жаңа жүйеге бейімделу, ескі мен жаңаның тартысы, адам санасындағы өзгерістер көрінеді.
Соғыстан кейінгі жылдар- Елдің еңсесін тіктеу, туған жерге деген сағыныш суреттеледі. Романның кейіпкерлері Әзімхан – романның басты кейіпкерлерінің бірі. Туған жер тағдырына алаңдайтын, ел мен жердің өткенін терең ойлайтын азамат.
Сәлимa – аналық мейірім мен сабырдың символы. Ел басына түскен қиын кезеңдерде отбасын, бірлікті сақтаушы образ.
Қабдеш қария – ауылдың ақсақалы, өткен тарихты, халықтың басынан кешкен ауыр кезеңдерді көзімен көрген, кейінгі ұрпаққа өнеге айтатын кейіпкер.
Жанболат – жаңа заманға бейімделуге тырысқан жас буын өкілі.
Дереккөздер Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді.. Әлібек Асқаров. Алматы "Атамұра" 2010 жыл.