Басқұншы — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Басқұншы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласының солтүстік-шығысында 32 км-дей жерде, Қытаймен шекараға жапсарлас жатқан Қорғас өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен19691725 1922 111,4 854 956 111,9 871 966 110,9
Климаты, топырағы мен өсімдігі Ауыл Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстігіндегі қоңыржай құрғақ агроклиматтық белдемде жатыр. Жері қызылқоңыр топырақты. Бұта аралас бетеге, көде, боз шөптері өседі.
Инфрақұрылымы Басқұншыда бұрынғы “Красный Восток” ұжымшары негізінде шаруа қожалықтары құрылған. Орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Панфилов ауданы елді мекендері Санат:Жетісу казак әскерінің елді мекендері