Иван Панфилов көшесі.Иван Панфилов көшесі — Астана қаласының Сарайшық ауданында орналасқан. Н.Нұрмақов көшесінен басталып,Ш.Қалдаяқов көшесінде аяқталып, Ж.Нәжімеденов көшесіне айналады. Тәуелсіздік, Қ.Бекқожин, А.Байжанбаев, Ұ.Құлымбетов, Қ.Аманжолов, М.Сағдиев, Қ.Оразалин, А.Набиев, Б.Ашимов, О.Мұхамеджанов, К.Мырзабеков, С.Нұрмағамбетов, Ф.Карибжанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы — 3400 м.
Иван Панфилов (1893—1941) — КСРО қаһарманы. Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапты, әскери қайраткер, генерал-майор (1940), Кеңес Одағының Батыры (12.4.1942). Бірінші-дүниежүзілік соғысқа, 1918 – 1920 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды
Санат:Астана көшелері