Варфоломей (туғанында Димитриос Архондонис, 29 ақпан 1940 жыл, Чанаккале илі, Түркия) — 1991 жылдан бергі Константинопольдің Бүкіләлемдік Патриархы. Лауазымы арқылы ол — Православ шіркеуіндегі primus inter pares (теңдер арасынан тұңғышы) және Шығыс Православ христиандарының рухани көшбасшысы.

Варфоломей Имброс аралындағы Ая-Тодори (қазіргі ресми атауы — Зейтінлікөй) ауылында туған. Оқуын бітіргесін ол Халки діни мектебінде қызмет етіп, священник атанды. Кейін ол Филадельфия митрополиясы мен Халкидон митрополиясына басшылық етіп көріп, Киелі Синод мүшесі болды.

Бүкіләлемдік Патриарх ретінде Варфоломей дінаралық, христианаралық және православаралық ынтымақтастық орнатпақ болды, түрлі шіркеулерге сапар жасайды. Діни сенім бостандығы мен адам құқығын қолдаған ол, оған қоса, экология мен қоршаған ортаға біраз назар аударады және сол үшін «Жасыл патриарх» делінеді.

2018 жылғы 11 қазанда Варфоломей Украина православие шіркеуіне толыққанды автономия мен автокефалия мәртебесін беріп, оны осылайша Орыс православие шіркеуінен (ОПШ) тәуелсіз қылды. Осы себептен 2018 жылы ОПШ Константинополь православие шіркеуімен одағын бұзды.

Ерте жылдары Димитриос Архондонис Имброс аралындағы Айи-Теодори ауылында (қазіргі Гөкчеада, Түркия) дүниеге келген. Әке-шешесі — Христос пен Меропа (туғанында Меропа Скарлатос) Архондонистер, екеуі де гректер. Димитриос — отбасының төртінші және кенже баласы, барбер болып жұмыс істеп те, әкесінің кофеханасында көмектесіп те жүрді.

Архондонис оқуын Имброста бастап, Ыстанбұлдағы барды. Кейін ол Мәрмәр теңізіндегі Халки аралындағы аттас діни мектепте оқуын жалғастырды. Осы жерде ол дін ілімі докторы атанды. 1961 жылғы 13 тамызда оған диакон атағы берілді. 1961–1963 жылдары ол Түркия әскери қызметін өтеп, кіші лейтенант атанды. Осыдан кейін, 1963 жылдан 1968 жылға дейін ол Бүкіләлемдік Патриархаттан стипендия алып, Римдегі Папа Григорий университетінің Шығыс институтында, Боссэ экуменистік институтында және Мюнхен университетінде оқыды. Ақыр аяғында ол «Православие шіркеуіндегі канондар мен канондық жарлықтарды кодификациялау» жайлы диплом жұмысын жасап, Римнің Папа Григорий университетінен докторантура алды, оған қоса латын, итальян, француз, ағылшын мен неміс тілдерін үздік меңгерді.

Хиротониялары мен шіркеудегі тағайынданулары 13 тамыз 1961: Диакон – Варфоломей діни есімін алды 19 қазан 1969: Священник 25 желтоқсан 1973: Епископ – Филадельфия митрополиясы (Кіші Азия) 14 қаңтар 1990: Халкидон митрополиті ретінде интронизациясы 22 қазан 1991: Константинополь архиепископы мен Бүкіләлемдік патриарх болып сайланғаны 2 қараша 1991: Фанар Патриархтар Соборындағы интронизациясы

Патриархтығы нобай|солға|АҚШ президенті Барак Обаманың Варфоломеймен кездескені нобай|солға|Варфоломей (сол жақта) мен АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) нобай|солға|Папа Франциск пен Варфоломей, Құдай табыты шіркеуі, Иерусалим

Бүкіләлемдік патриарх ретінде Варфоломей халықаралық бағытта аса белсенді болып келген. Оның бірінші назарға алған ең ірі мәселелерінің бірі бұрынғы Шығыс блоктағы қуылу көрген Шығыс православие шіркеулерін жандандыру, біріктіру болды. Бұл 1990 жылдардағы коммунизм құлауы себебінен ғана мүмкін болды. Ол, оған қоса, ізашарларының католиктермен қатынас жақсарту талпыныстарын жалғастыра отырып, өзге дін өкілдерімен, соның ішінде мұсылмандар, еврейлер, өзге христиандармен диалогын да қолдап жүрді.Patriarch Bartholomew I - Texts and Speeches (1991–1992) (1998) George C. Papademetriou; Journal of Ecumenical Studies 35Recent Patriarchal Encyclicals on Religious Tolerance and Peaceful Coexistence (2002) George C. Papademetriou Journal of Ecumenical Studies, 39

Экоактивизмі Варфоломей экоактивизмі үшін де белгілі болды. Патриарх ретінде ол қоршаған ортаға көмектесетін түрлі халықаралық ұйымдарға көмек көрсетіп жүр. Осы арқылы ол «Жасыл Патриарх», «Жасыл Папа» делінді,Ecumenical Patriarch Bartholomew I - insights into an Orthodox Christian worldview (2007) John Chryssavgis International Journal of Environmental Studies, 64, (1), 9–18-беттер 2002 жылы қоршаған ортаны қорғағаны үшін София сыйлығымен наградталды. Оған, бұған қоса, АҚШ үкіметі заң шығарушы билігінің ең жоғарғы марапаты, Конгресс алтын медалі берілді.

Түркия 2006 жылғы 19 қарашада жарияланған сұхбатында Варфоломей Түркиядағы діни сенім бостандығы мәселесі мен жуырдағы Папа XVI Бенедикттің елге сапары жайлы сөз айтты. Ол тағы Халки діни мектебінің жабылуы жайлы «Түркия азаматтары ретінде біз салық төлейміз. Біз әскерде қызмет етеміз. Біз дауыс береміз. Азамат ретінде бүкілін жасаймыз. Бірдей құқық [та] қалаймыз. Бірақ бұл орын алмайды... Мұсылмандар дінтану зерттеймін десе, 24 дінтану факультеті бар. Біз қайда оқымақпыз?» деді. Ол, оған қоса, Бүкіләлемдік титулы жайлы сөйлеп, оның Түркия үкіметі тарабынан қабылданбағанын айтты: «Бұл титул VI ғасырдан бері бар... Бүкіләлемдік титулының еш саяси мағынасы жоқ. [...] Титул[дың сақталғанын] ғана талап етемін. Одан ешқашан бас тартпаймын».

Бүкіләлемдік диалог 2006 жылғы қарашадағы Түркияға сапары кезінде Папа XVI Бенедикт Варфоломей шақыруымен Ыстанбұлға барды. Папа Константинополь шіркеуінің Әулие қамқоршысы Апостол Андрейдің шіркеу мейрамына Варфоломеймен бірге қатысты. Бұл — тарихтағы Папаның Бүкіләлемдік патриархқа «қонаққа келгені» (біріншісі 1967 жылы VI Павел болса, екіншісі 1979 жылы II Иоанн Павел болды). 2013 жылғы 19 наурызда Варфоломей Папа Францисктің инаугурациясында қонақ болды, осылайша католик–православ қатынастарының жақсаруына жол берді. Бұл — православие шіркеуі басшысының Рим папасы инаугурациясына тұңғыш рет қатысқаны (1054 жылғы Ірі Бөліністен бері). Осыдан кейін ол Папа Францискті 2014 жылғы Киелі жерге сапарына шақырды. Сапар Папа VI Павел мен Патриарх Афинагордың тарихи кездесуінің 50 жылдығына орай жасалмақ еді. Францискті, оған қоса, Патриархат Апостол Андрейдің шіркеу мейрамына (30 қараша) шақырды.

Патриархтығына 20 жылдан астам болғанда ғана Варфоломейге 2013 жылғы 29 мамырда қастандық жасалды. Бір күдікті қамауға алынды да, екі күдіктіге іздестірілмек болды.

Босқындар, қайта бірігу мен бейбітшілік қолдағаны 2016 жылғы 16 сәуірде ол Папа Франциск пен II Иерониммен қатар Лесбос аралындағы сапар жасап, босқындар мәселесіне халықаралық назар аудартты. 2018 жылғы желтоқсанда ол Корея демилитарландырылған аймағына сапар жасап, мәңгі бейбітшілік болсын, Корея қайта біріксін деп дұға оқыды.

Украина православие шіркеуінің автокефалиялығы нобай|оңға|Варфоломей мен Украина президенті Пётр Порошенко, 2018 жылғы 8 қараша

2018 жылғы қазанда Бүкіләлемдік Патриархаттың синоды Украина православие шіркеуіне автокефалия (автономия) мәртебесін беруге, оның құрамына Украин автокефалиялық православие шіркеуін және Киев патриархатының Украин православие шіркеуін қосуға және Орыс православие шіркеуіне бағынатын Украин православие шіркеуін мойындамай кетуге келісті. Орыс православие шіркеуі осы себептен Константинополь православие шіркеуімен одағын бұзды.

2019 жылғы 5 қаңтарда Варфоломей ресми түрде Украина православие шіркеуіне автокефалия мәртебесін берді.

Ватиканның Апостол Пётр сүйегіне иелігі 2019 жылғы 2 шілдеде Папа Франциск Әулие Пётрге тиесілі деп саналатын және 2013 жылғы қарашада Ватикандағы «Сенім жылы» мессасы кезінде Рим Папасы Франциск көпшілікке көрсеткен тоғыз сүйек сынығын Варфоломейге бергені жарияланды. Олар қойылған қола реликвияны да иеленген Варфоломей Рим Папасының бұл әрекетін «батыл және қайсар» деп сипаттады.

Македония православие шіркеуі 2022 жылы Бүкіләлемдік патриархат Македония православие шіркеуі сопричастиеге қабылдап, Солтүстік Македонияны канондық юрисдикция қылды.

Ресейдің Украинаға басып кіруі нобай|оңға|Варфоломей мен Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Кирилл, 2010 жыл

Варфоломей Ресейдің Украинаға басып кіргені үшін Ресей мемлекетін, Орыс православие шіркеуін сынға алатын, әрекетті агрессор қылмысы деді, Ресей де, Украина халқына да тек азап әкеледі деді. Варфоломей Орыс православие шіркеуінің соғысты қолдағаны жайлы былай деді: «Бұл бауырлас Ресей шіркеуі егемен және тәуелсіз елге – Украинаға қарсы әділетсіз, қасиетсіз, себепсіз, шайтандық соғысты ақтауға тырысып, үйрете бастаған теологиясы».

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Гөкчеадада туғандар Санат:Халкидон митрополиттері Санат:Филадельфия митрополиттері Санат:Түркия діни қайраткерлері Санат:Халки діни мектебі түлектері Санат:Эдинбург университеті құрметті докторлары Санат:Пловдив құрметті азаматтары Санат:Шербрук университеті құрметті докторлары Санат:Джорджтаун университеті құрметті докторлары Санат:Йель университеті құрметті докторлары Санат:Тафтс университеті құрметті докторлары Санат:Вена университеті құрметті докторлары Санат:Грац университеті құрметті докторлары Санат:Эксетер университеті құрметті докторлары Санат:Бургасс университеті құрметті докторлары Санат:Вена университеті құрметті докторлары Санат:Кітапханатану және ақпарат технологиялары университеті (Болгария) құрметті докторлары Санат:Люблин католик университеті құрметті докторлары Санат:Варшавадағы Христиандық діни академия құрметті докторлары Санат:Болонья университеті құрметті докторлары Санат:Триест университеті құрметті докторлары Санат:Мюнхен университеті құрметті докторлары Санат:Папа шығыс институты құрметті докторлары Санат:Зографос лицейі құрметті докторлары Санат:Ивано-Франковск құрметті азаматтары Санат:Константинополь патриархтары