«Оле Бразил» футбол жобасы — 2009 жылы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі бастамасымен қолға алынған мемлекеттік спорттық бағдарлама. Жобаның мақсаты жас қазақстандық футболшыларды Бразилияның «Оле Бразил» академиясында оқытып, кәсіби деңгейін көтеру болды. Бұл бастама бейресми түрде спорттық «Болашақ» деп аталды.
Жоба аясында қазақстандық жасөспірімдер үш лекке бөлініп, Бразилияның әртүрлі беделді футбол академияларында тәлім алды.
Алғашқы топ, яғни 1994 жылы туған 26 жасөспірім, 2009 жылдың наурызынан 2011 жылға дейін Сан-Паулу штатындағы «Оле Бразил» академиясында жаттықты.
Екінші топқа 1997 жылы туған балалар іріктеліп, олар 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта Рио-де-Жанейродағы әйгілі «Ботафого» клубының академиясында білім алды.
Үшінші топты құраған 2000 жылы туған жасөспірімдер 2015 жылы Белу-Оризонти қаласына аттанып, «Крузейро» клубының академиясында жаттығу жиындарын өткізді.
Тарихы Жобаның негізі 2007 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бразилияға сапары кезінде қаланды. Сапар барысында Назарбаев пен Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силва балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға жәрдемдесу туралы келісімге келді.
Жобаның негізгі мақсаттарының бірі 2016 жылғы Рио Олимпиадасына қатысу болғанымен, бұл межеге қол жеткізілмеді.
Бір жыл оқығаннан кейін 8 бала академиядан шығарылуға ұсынылды. Ресми себеп — футболшылардың тестілеуден өтпеуі, оқу бағдарламасынан қалыс қалуы, тәртіп бұзушылық және физикалық деректердің сәйкес келмеуі. Алайда, оқушылардың ата-аналары мемлекеттік органдар мен БАҚ-қа жазған хаттарында іріктеудің әділетсіз өткенін, жасы үлкен балалардың немесе іріктеуге қатыспағандардың тізімге қосылғанын хабарлады.
Мысалы, тізімде 1994 жылы 3 мамырда туған Қанат Дәулетбақов болған. Кейіннен Алматыдағы әуесқой лигалардың бірінде оның толық аты-жөні сәйкес келетін, туған күні бірдей (3 мамыр), бірақ туған жылы 1990 жыл деп көрсетілген ойыншы анықталды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне сәйкес, Бразилияда бір футболшыны оқыту құны мемлекеттік қазынаға жылына 20 мың АҚШ долларын құраған. 2009 жылы оқуға 83 миллион теңге бөлінген. Жалпы жобаға шамамен 5 миллион АҚШ доллары (сол кездегі бағаммен 4,68 млн).
Шымкентте өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы — 2016 турнирінде «Крузейро-Қазақстан» командасы 8 қатысушының ішінде 7-ші орын алды. Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан 0:4, қырғызстандық құрдастарынан 0:5 есебімен жеңілді.
Бірінші лек 2009 жылдың 4 наурызында алғашқы лек — 1994 жылы туған 26 жас спортшы және 2 бапкер Бразилияға аттанды. Сан-Паулу штатындағы «Оле Бразил» академиясында олар футбол жаттығуларымен қатар жалпы білім беретін пәндерді де оқыды. Бастапқы кезеңде бұл топқа «отандық футболдың болашағы» ретінде үлкен үміт артылып, БАҚ-та кеңінен насихатталды.
Екінші лек Алғашқы лектен кейін 3 жылдан соң 2012 жылы ақпан айында Бразилияға екінші лек (1997 жылы туғандар) 26 бала аттанды. Бұл топта Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен жиналған 26 футболшы, сондай-ақ Германиядан келген бір ойыншы (Ерназар Құмар) болды.
№ Аты-жөні Жіберген мекеме / Қала 1 Ахласов Шыңғысхан ОРБЖСМ, Талдықорған 2 Мұханов Олжас «Каспий» ФК, Ақтау 3 Тоқтарбай Бекжан ОРБЖСМ, Шымкент 4 Сейдахмет Айсұлтан «Жетісу» ФК, Талдықорған 5 Хуснатдинов Айдар «Каспий» ФК, Ақтау 6 Әлімбаев Руслан «Шахтер» ФК, Қарағанды 7 Тыныбек Болат ОРБЖСМ, Шымкент 8 Комаров Сергей «Шахтер» ФК, Қарағанды 9 Батырбеков Әлібек «Жетісу» ФК, Талдықорған 10 Васильев Владислав «Шахтер» ФК, Қарағанды 11 Сламбеков Демият «Цесна» ФК, Алматы 12 Әбдіразақов Рүстем «Жетісу» ФК, Талдықорған 13 Тайкенов Мақсат «Каспий» ФК, Ақтау 14 Мирсалимбаев Фарух ОРБЖСМ, Тараз 15 Сайфулин Абай ОРБЖСМ, Тараз 16 Әбдеш Мағжан ОРБЖСМ, Шымкент 17 Мұханбет Қуаныш Спорт интернаты, Шымкент 18 Оралбай Едіге №7 БЖСМ, Шымкент 19 Садиров Асхат ОРБЖСМ, Тараз 20 Шубаев Жасұлан «Тобыл» ФК, Қостанай 21 Дәулетбаев Данияр «Тараз» ФК, Тараз 22 Сәрсенғалиев Айсабек «Каспий» ФК, Ақтау 23 Мақұов Айболат «Атырау» ФК, Атырау 24 Рашетов Әбілмансұр «Атырау» ФК, Атырау 25 Камбил Мейіржан Спорт интернаты, Шымкент 26 Құмар Ерназар «Франкфурт» ФК, Германия
Бапкерлік штаб:
Нуфиев Манар — жаттықтырушы. Жанзақов Эрик — үйлестіруші-аудармашы.
Үшінші лек 2015 жылы 20 наурызда Бразилияның Белу-Оризонти қаласындағы «Крузейро» (Cruzeiro EC) академиясына оқуға аттанған 26 жас футболшының тізімі. Бұл «Оле Бразил» жобасының соңғы легі болды. №Аты-жөніҚала / Облыс1Әлихан ИмановАқтөбе2Ернар СайлауовҚарағанды3Мерей МауезовШымкент4Абзал ОразбаевТараз5Бекзат БектайҚызылорда6Есхат ТағыбергенАқтөбе7Бақытжан ТөлепбергенШымкент8Әділ БайғазинҚостанай9Дмитрий БачекҚарағанды10Рустам ЭмировАлматы облысы11Равиль ИбрагимовАлматы облысы12Илья ПодболотовАлматы облысы13Мирас ӘбдібековТараз14Дінмұхамед ҚараманТараз15Дінмұхамед ОмаровШымкент16Алдияр ӘлімАлматы17Қанат ЖұпқазиевАлматы18Олжас АмангелдиевАстана19Нұрбол НұрбергенТалдықорған20Данияр ЕрмекбаевАлматы21Тайыр НұрсейітовҚарағанды22Әсет РамазановТалдықорған23Дамир ЖанбаевОрал24Асылжан ЕсеновКөкшетау25Нұрсұлтан ӘлбековАлматы26Дарын ҚайнолаТалдықорған
«Бәйтерек» ФК Бразилиядан оралған түлектер үшін Астанада арнайы «Бәйтерек» футбол клубы құрылды. Команданы «Оле Бразилде» жұмыс істеген бразилиялық маман Тиаго Козлоски жаттықтырды. Бірінші лигада өнер көрсеткен клуб жастарды ересектер футболына бейімдеуді көздеді, бірақ көпшілік үшін бұл клуб мансабындағы жалғыз команда болып қалды.
Жобаның жабылуы Парламент депутаттары жобаның тиімсіздігін бірнеше рет көтерді. Сол кездегі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жобаның сәтсіздігін мойындап: «Біз ол жақтан әлем чемпиондары шығады деп үміттендік, бірақ нәтиже көрмедік», — деп мәлімдеді.
Ермұхамед Мәулен 2014 жылы Бразилияға барып, «Ботафого» футбол академиясындағы қазақстандық оқушылардың жаттығуына қатысып қайтты. Оле Бразил академиясы арнайы Қазақстан үшін ашылған. Бұл академияның тарихы жоқ. Балалар жасанды алаңда ойнаған деп хабарлады.
Құралбек Ордабаевтың пікірінше, балаларды Бразилияда футболға оқыту бағдарламасы қатысушылардың дұрыс іріктелмеуі себебінен сәтсіздікке ұшырады.
2016 жылы жоба жабылды. 2017 жылы соңғы топ елге оралды.
Қатысушылардың тағдыры Жоба үш ағымнан (поток) тұрды. Соңғы, үшінші лек (2000 жылы туғандар) әйгілі «Крузейро» клубының жүйесінде жаттықты. Ол кезде клуб Оңтүстік Американың элитасында болып, Либертадорес кубогына қатысып жүрген.
2000 жылы туған қазақстандықтар, оның ішінде Дінмұхамед Қараман, болашақ әлемдік жұлдыздармен бір алаңда жаттығып, ойнаған. Олардың қатарында қазіргі «Реал Мадрид» жұлдызы Винисиус Жуниор және «Қарабақ» (Әзірбайжан) ойыншысы Педро Бикальо бар. Винисиус 2015-2016 жылдары жасөспірімдер чемпионатында қазақстандықтарға қарсы ойнаған.Алғашқы лекпен барған 26 баланың ішінде, олардың ең белсенді шағында (26 жас шамасында) тек 5-еуі ғана кәсіби футболмен айналысуды жалғастырды. Ешқайсысы Ұлттық құраманың негізгі ойыншысы бола алмады.
Ұлттық құрама деңгейіне тек 4 ойыншы жетті:
Мақсат Тайкенов (1997 ж.т.) — 4 ойын. Дінмұхамед Қараман (2000 ж.т.) — 3 ойын, 1 гол. Магомед Парагульгов (1994 ж.т.) — 2 ойын. Рафқат Аслан (1994 ж.т.) — 1 ойын.
2024 жылы «Оле Бразил» түлегі Дінмұхамед Қараман Ұлттық құрама сапында шақрылды. «Жеңіс» клубының жартылай қорғаушысы Солтүстік Македонияға қарсы ойында қайшылап (бисиклета) гол соғып, негізгі құрамға ілікті.
Кәсіби деңгейде ойнағандар Аты-жөні Ағымдағы/Соңғы жағдайы (дереккөз бойынша) Статистикасы Магомед Парагульгов «Эрмис» (Кипр) КПЛ-да 51 матч (4 гол), ҚР құрамасында 2 жолдастық матч. «Қайрат», «Ертіс», «Қайсарда» ойнаған. Рауан Сариев Клубсыз (2020) Ең үлкен үміт күтілген ойыншы. Бразилиялық «Атлетику Минейрумен» келісімшартқа отырған. КПЛ-да 43 матч (3 гол). Берік Шайхов «Қызыл-Жар» КПЛ-да 99 матч (2 гол). Мирас Төлиев «Оқжетпес» КПЛ-да 61 матч (1 гол). Алексей Родионов «Атырау» (Бірінші лига, 2020) КПЛ-да 45 матч (3 гол). Аслан Сүлейменов «Екібастұз» (Бірінші лига, 2020) «Бәйтерек», «Екібастұзда» ойнаған.
Мансабын ерте аяқтағандар немесе төменгі лигаларда қалғандар Шыңғыс Сапарбекұлы: «Лашын», «Жетісу» дублінде ойнаған. 2020 жылы «Арыс» командасынан жарыс басталмай жатып шығарылды. Мұхтар Қалымбетов: «Бәйтерек», «Оңтүстік Академиясында» ойнаған. Мұрат Қаламбеков: 22 жасында мансабын аяқтап, бапкерлікке ауысты. Виктор Павленок: 22 жасында мансабын аяқтады («Бәйтерек», «Екібастұз»). Әсет Сексенбаев: 22 жасында мансабын аяқтады («Жетісу» дублі). Алмат Тілеуқабылов: 22 жасында мансабын аяқтады. Тимур Бахриден: 21 жасында мансабын аяқтады («Астана», «Ертіс» дубльдері). Мұрагер Берікқазиев: 21 жасында мансабын аяқтады. Серікболсын Кененов: 21 жасында мансабын аяқтады. Мирхат Ақашев: 20 жасында мансабын аяқтады. Фархат Жәнібеков: 20 жасында мансабын аяқтап, бапкер болды. Қанат Дәулетбақов: 19 жасында мансабын аяқтады. Армас Құрманалы: 19 жасында мансабын аяқтады. Евгений Ялфимов: 19 жасында мансабын аяқтады.
Кәсіби футболда мүлдем ойнамағандар Төмендегі қатысушылар кәсіби деңгейде көрінбеді: Медет Кенжебеков Ернар Мақажанов Асқарбек Мұратбаев Бақытжан Сағатов Қалқожа Тәжен Әлішер Тоқтасынов
Даулар мен сыни пікірлер
Жоба басталғаннан-ақ іріктеу үдерісінің ашықтығына қатысты күмәндар туындады. «Бразилиялықтардың» тізімін жасақтау кезінде сыбайлас жемқорлық пен тамыр-таныстық болды деген пікірлер айтылды.
Оқу процесі толығымен португал тілінде жүргізілді. Балалар шет тілін білмей барғандықтан, бапкерлерді түсіну және мектеп бағдарламасын игеру қиынға соқты. Қазақстандық балалар үшін жергілікті тағам (күріш пен жемістер басым) үйреншікті болмады, олар ет өнімдерін сағынғандарын айтқан. Сондай-ақ, 2-3 жыл бойы отбасынан жырақта болу психологиялық тұрғыдан ауыр тиді. Журналист Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, Бразилиядағы жаттығулар жасанды алаңдарда өткен, мұндай алаңдар Шымкентте де бар болатын. Айдын Қожахметтің пікірінше, барлық баланы бір командаға жинамай, 2-3 баладан әртүрлі академияларға бөлу тиімдірек болар еді. Елге оралған түлектер үшін арнайы құрылған «Бәйтерек» клубы (бапкері Тиаго Козлоски) 4 жылдан соң жабылып қалды және күтілген нәтижені бермеді.
Дереккөздер