Николай Григорьевич Матлошинский (28 мамыр 1950, Украина) — кеңестік және қазақстандық геолог, КСРО-ның «Жерасты байлықтарын барлау үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының «Құрметті жер қойнауын барлаушысы», көмірсутек кен орындарының алғашқы ашушысы, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. Қазақстандағы бірқатар ірі мұнай-газ кен орындарының ашылуы мен бағалануына үлес қосқан көрнекті маман.

Өмірбаяны Матлошинский Николай Григорьевич 1950 жылы 28 мамырда Украинада дүниеге келген.

Орта мектепті Ровно қаласында аяқтағаннан кейін, 1972 жылы Иван Франко атындағы Львов мемлекеттік университетінің геология факультетін бітіріп, инженер-геолог мамандығын алды.

Еңбек қызметін Урал мұнайбарлау экспедициясында құрылымдық бұрғылау учаскесінің геологы ретінде бастады.

1973 жылдан — терең бұрғылау инженерлік-техникалық қызметінің геологы,

1978 жылдан — тақырыптық партияның бастығы.

1980–1988 жылдары Қарашығанақ мұнай-газ-конденсат кен орнының қорларын ГКЗ-де (КСРО Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы) сәтті қорғаған мамандар тобын басқарды.

1988 жылы Саратов мемлекеттік университетінде геология-минералогия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

1987–1996 жылдары ПГО «Уралнефтегазгеология» құрылымдарында, сондай-ақ СП «Казахтуркмунай» ұйымында басшылық және сарапшылық қызметтер атқарды.

1998 жылы ТОО «Жайықмұнай» компаниясының бас геологы болып тағайындалды. Бұл кезеңде Чинарев мұнай-газ-конденсат кен орнын табу және қайта бағалау жұмыстары жүргізілді.

2002–2009 жылдары «Ural Oil and Gas» компаниясының геологиялық қызметін басқарды. Оның жетекшілігімен Рожков газконденсат кен орны ашылды (2015).

2010 жылдан бері ТОО «Reservoir Evaluation Services» компаниясының бас геологы және техникалық директоры болып жұмыс істейдіhttps://www.reservoir.kz/wp-content/uploads/2020/11/RES_news_2020_BirthdayNG.pdf.

Ғылыми еңбектері мен жетістіктері Н. Матлошинский — Қазақстан мен Вьетнам, Ресей, Украина және басқа да бірқатар шетелдік мұнай-газ бассейндерінің геологиялық құрылымы, көмірсутек әлеуеті және қорларды есептеу мәселелері бойынша 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде бірнеше ұжымдық монографиялардың авторы және авторласы. Ол Қарашығанақ, Тепловско-Токарев тобы, Каменское, Придорожное, Батыс Новобогат, Чинарев, Рожковское сияқты кен орындары бойынша жетекші сарапшы болды, сондай-ақ ГКЗ (Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы) сарапшысы ретінде Қашаған, Теңіз, Жаңажол, Королевское, Алибекмола, Қайран, Ақтоты және Қаламқас-теңіз кен орындарының қорларын бағалауға қатысты. Республиканың көмірсутек қорларын қайта бағалау және жаңа перспективалы объектілерді анықтау ісіне қосқан үлесі жоғары бағаланады.

Матлошинский Николай Григорьевич Тепловско-Токарев тобы (1996), Рожковское газконденсат кен орны (2015) және Чинарев мұнай-газ-конденсат кен орнының (2016) алғашқы ашушыларының бірі болып табылады.

Негізгі ғылыми еңбектері Структура и нефтегазоносность палеозойских отложений северной бортовой зоны Прикаспийской впадины (кандидаттық диссертация, Саратов, 1988)https://rusneb.ru/catalog/000199_000009_008468048/?ysclid=mi4cj1zeon814180561. Нефтегазоносность палеозойской шельфовой окраины севера Прикаспийской впадины (ұжымдық монография). Матлошинский Н.Г., Таскинбаев К.М. Неантиклинальные ловушки надсолевого комплекса Прикаспийской впадины: поиски и перспективы (Нефть и газ, 2019). Чинарев аймағының геологиялық құрылымы туралы бірқатар еңбектер (2000).

Марапаттары 1990 - «КСРО жер қойнауын барлау үздігі».

1999 - «Қазақстан мұнайына 100 жыл» медалі.

2002 - «Қазақстан Республикасының жер қойнауын барлау үздігі».

2010 - «Қазақстан Республикасының Құрметті жер қойнауын барлаушысы».

2011 - «Қазақстанның үздік мұнайшы-геологы».

1996, 2015, 2016 - «Қазақстан Республикасының кен орындарын алғаш ашушы» төсбелгісі.

Сілтеме

Дереккөздер

Санат:КСРО мұнайшылары Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары Санат:Қазақстан мұнайына 100 жыл медалінің иегерлері