Балх () — Тәжікстанның Хатлон облысындағы қала үлгісіндегі елді мекен, Жалалиддин Балхи ауданының орталығы.
Географиялық сипаттама Хатлон облысының батысында, Вахш өзені аңғарының ортасында, оның салаларының бірінде орналасқан. Жақын жерде Бохтардан Термезге дейінгі теміржол желісі (34 шақырым жерде) және Ауғанстан шекарасына баратын тас жол өтеді.
Тарихы Ауыл аумағындағы алғашқы қоныстар 20 000 жылдан астам уақыт бұрын болған. Біздің заманымыздың басында мұнда шағын қоныс болған, ал IV ғасырда қалалық ғимараттар салынып, олар VII ғасырда қайта жаңартылған. XVIII ғасырдан бастап ол Тугаланг ауылы ретінде белгілі болды. Аукыл ұжымдастыру жылдарында құрылған, бірақ бастапқыда Кагановичабад деп аталған. Бұл атауды 1957 жылға дейін сақтап келген. 1954 жылы қалалық үлгідегі елді мекенге айналды. 1957 жылы ол Колхозабад деп өзгертілді, ал 2017 жылдың 16 ақпанында Балх атауын алды.
Экономикасы және әлеуметтік нысандары Балх — аймақтың ауылшаруашылық орталықтарының бірі, сондықтан халықтың көп бөлігі осы салада жұмыс істейді. Мақта тазалайтын зауыт және сыра қайнату зауыты бар. Жергілікті көрікті жерлердің бірі - заманауи мешіт.
Дереккөздер
Санат:Жалалиддин Балхи ауданы елді мекендері