Сұлтан Сүйінішәлин (Хансұлтан) (1905, қазіргі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы – 1941) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Бүкілодақтық коммунистік университетін (1932) бітірген.
1921 – 23 жылдары почташы, Шалқар қалалық милиция қызметкері, Ақтөбе партия-кеңес мектебінің тыңдаушысы, 1923-26 жылдары БЛКЖО Шалқар уездік комитеті саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі, хатшысы, 1926-27 жылдары БЛКЖО Қарсақпай уездік комитетінің хатшысы, 1928-29 жылдары Қостанай округтік комитетінде тарату бөлімінің меңгеруші, БК(б)П Қостанай округтік көшпелі партия мектебінің жетекшісі, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болды.
1929-1932 жылдары Ленинградта оқиды.
1932-33 жылдары БК(б)П "Прибалхашстрой" аудандық комитеті мәдениет және насихат бөлімінің меңгерушісі. 1933 жылдың сәуір-мамырында Алматы облысы комитетінің насихат секторының меңгерушісі, 1933-37 жылдары БК(б)П Риддер қалалық комитетінде мәдениет және насихат бөлімінің меңгерушісі, хатшысының орынбасары, 2-хатшы, Қазақстан К(б)П ОК-нің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1937 жылдың желтоқсанынан 1938 жылдың маусымына дейін Қазақ КСР-і халық ағарту халық комиссары.
1938 жылы тұтқындалып, 1940 жылы сотталған. Жазасын КСРО ІІХК Сугурман колониясында өтеп жүргенде қайтыс болды. 1955 жылы қыркүйекте ақталған.Тағы бір қайраткер... Шалқар энциклопедиясы, 2009 жыл
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Беймәлім деректің бір тіні
Санат:1905 жылы туғандар Санат:Ырғыз ауданында туғандар Санат:1941 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан білім министрлері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері