Нара префектурасы (, Nara-ken) — Жапония префектурасы, Кансай аймағында, Хонсю аралында орналасқан. 2020 жылғы ақпарат бойынша префектурада 1 321 805 адам тұрды, жер аумағы 3 691 шаршы километр болды.

Нара — префектураның астанасы және ең ірі қаласы. Өзге ірі қалалар қатарында Касихара, Икома мен Яматокорияма бар.Nussbaum, "Nara" 698-бет

Географиясы Нара префектурасы солтүстігінде Киото префектурасымен, солтүстік-батысында Осака префектурасымен, оңтүстік-батысында Вакаяма префектурасымен және шығысында Миэ префектурасымен шектеседі.

Нара префектурасы Жапонияның Тынық мұхитқа қараған Кии түбегінде орналасқан. Ол — теңізге шыға алмайтын сегіз префектураның бірі. Префектурада басқа Жапонияның префектураларына қарағанда ең көп Әлемдік мұра нысанасы бар.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Жапония префектуралары Санат:Алфавит бойынша әлемдік мұралар Санат:Кинки аймағы Санат:Жапониядағы Әлемдік мұра