Бокстан Қазақстан чемпионаты 2025 – Қазақстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 4-21 қазан аралығында Семей қаласында өткен ұлттық спорт шарасы.

Барлық жарыстар Семей қаласында Абай Арена алаңында өтті. Чемпионат алғаш рет World Boxing ұйымының жаңа ережелері және салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылды.

Жеңімпаздарға арналған сый қоры 20 миллион теңге болды. Әр салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар 500 000 теңге, күміс жүлдегерлер 300 000 теңге, ал қола медаль иегерлері 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Қатысушылар Чемпионатқа республикамыздың барлық облыстарынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан үздік былғары қолғап шеберлері қатысты. 2025 жылы халықаралық жарыстардың тығыз кестесіне байланысты ұлттық құраманың негізгі спортшылары толыққанды қатыса алмады. Ұлттық құрама сапындағы бірнеше боксшылар өз аймақтары атынан сынға түсті.

Чемпиондар Жарыс қорытындысы бойынша ерлер мен әйелдер арасында үздік боксшылар, үздік төрешілер және командалық есеп анықталды.

Ең тәжірибелі чемпион атағын 34 жастағы, бес баланың анасы Айгерім Сәттібаева (48 кг) иеленді. Ол соңғы рет 2010 жылы чемпион атанған болатын.

Ал ең жас чемпиондар қатарында 20 жастағы Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) пен Бақыт Сейдіш (70 кг) бар. +Ерлер және әйелдер арасындағы чемпиондарСалмақ дәрежесі (ерлер)Ерлер чемпиондарыСалмақ дәрежесі (әйелдер)Әйелдер чемпиондары50 кгДаниял Сәбит (Батыс Қазақстан облысы)48 кгӘйгерім Сәттібаева (Астана)55 кгСәкен Бибосынов (Түркістан облысы)51 кгЖазира Орақбаева (Түркістан облысы)60 кгСерік Теміржанов (Павлодар облысы)54 кгЭлина Базарова (Алматы)65 кгСанатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)57 кгҰлжан Сәрсенбек (Қарағанды облысы)70 кгАбылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы)60 кгРимма Волосенко (Павлодар облысы)75 кгСабыржан Аққалықов (Қарағанды облысы)65 кгЛаура Есенгелді (Тараз)80 кгЕрасыл Жақпеков (Шымкент)70 кгБақыт Сейдіш (Шымкент)85 кгДәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы)75 кгВалентина Хальзова (Астана)90 кгСағындық Тоғамбай (Астана)80 кгНадежда Рябец (Ақмола облысы) +90 кгНұрлан Сапарбай (Павлодар облысы) +80 кгВалерия Аксенова (Астана)

Ерлер арасындағы барлық жеңімпаздар +2024 жылғы Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы жүлдегерлері (Семей)Салмақ дәрежесіАлтын (чемпион)КүмісҚола 50 кгДаниял Сәбит (23 жас, Батыс Қазақстан облысы)Бекзат Алдамжаров (22 жас, Ақтөбе облысы)Нұрсұлтан Нуриденов (25 жас, Батыс Қазақстан облысы)Нұрзат Оңғаров (20 жас, Жамбыл облысы)55 кгСәкен Бибосынов (27 жас, Түркістан облысы)Нұрсұлтан Алтынбек (22 жас, Қызылорда облысы)Тимур Қабдешов (25 жас, Ақмола облысы)Бексұлтан Боранбек (19 жас, Жамбыл облысы)60 кгСерік Теміржанов (27 жас, Павлодар облысы)Бибарыс Жексен (24 жас, Жамбыл облысы)Оразбек Асылқұлов (27 жас, Ақмола облысы)Дәулет Молдашев (25 жас, Абай облысы)65 кгСанатәлі Төлтаев (26 жас, Маңғыстау облысы)Ертуған Зейнуллинов (28 жас, Алматы облысы)Әбдіғалым Әбдікерім (22 жас, Қостанай облысы)Илья Калинин (20 жас, Жамбыл облысы)70 кгАбылайхан Жүсіпов (28 жас, Қарағанды облысы)Фарух Тоқтасынов (23 жас, Алматы қаласы)Нұрбек Мурсал (20 жас, Алматы қаласы)Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (22 жас, Түркістан облысы)75 кгСабыржан Аққалықов (23 жас, Қарағанды облысы)Тимур Нұрсейітов (28 жас, Астана қаласы)Аман Қонысбеков (21 жас, Түркістан облысы)Талғат Шайкен (25 жас, Ақмола облысы)80 кгЕрасыл Жақпеков (23 жас, Абай облысы)Диас Молжігітов (23 жас, Жамбыл облысы)Санжар-Али Бегалиев (20 жас, Шымкент қаласы)Азамат Бектас (24 жас, Қызылорда облысы)85 кгДәулет Төлемісов (20 жас, Ақтөбе облысы)Сұлтанбек Айбарұлы (21 жас, Алматы қаласы)Бекзат Таңатар (23 жас, Шымкент қаласы)Дәурен Мамыр (22 жас, Шымкент қаласы)90 кгСағындық Тоғамбай (24 жас, Түркістан облысы)Нурмагамед Юсупов (24 жас, Қарағанды облысы)Данияр Рахымбердинов (27 жас, Алматы қаласы)Оңталап Рахманов (27 жас, Қызылорда облысы) +90 кгНұрлан Сапарбай (27 жас, Түркістан облысы)Аслан Елдібайұлы (19 жас, Қызылорда облысы)Даниал Сапарбай (22 жас, Түркістан облысы)Нұрасыл Асылхан (21 жас, Шымкент қаласы)

Қорытынды Ересектер арасында 85 келідегі Дәулет Төлемісов алғаш рет Қазақстан чемпионы әрі ең жас жеңімпаз атанды.

Әйелдер сапында 4 бірдей салмақта жаңа чемпиондар (Элина Базарова (21 жас, 54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (20 жас, 57 келі), Бақыт Сейдіш (20 жас, 70 келі), Валерия Аксенова (24 жас, +80 келі)) шықты.

Жасы ең үлкен чемпион – 5 баланың анасы Әйгерім Сәттібаева (34 жас, 48 келі). Ол бұған дейін 2010 жылы Қазақстан чемпионы атанған. Ал ең жас чемпион атағын Ұлжан Сәрсенбек (20 жас) пен Бақыт Сейдіш (70 келі) иемденді.

Чемпионаттан кейін Қазақстан бокс құрамасының жаңартылған құрамы жарияланды және болашақ халықаралық турнирлерге үміткерлер анықталды.​

Ерлер арасында Қазақстан чемпионатының үздік боксшысы атағы Қарағанды облысының өкілі Сабыржан Аққалықовқа бұйырды. Әйелдер арасында үздік боксшы деп Алматы қаласының спортшысы Жазира Орақбаева танылды. Жарыстың үздік төрешісі болып Арман Бүркітбаев танылды.

Командалық есеп

Командалық есеп +2025 жылғы Қазақстан чемпионатының командалық есебі (Семей)ОрынКомандаАлтынКүмісҚолаБарлығы1Түркістан облысы41382Алматы қаласы236113Шымкент қаласы226104Қарағанды облысы22375Астана қаласы21146Жамбыл облысы127107Ақмола облысы11358Қостанай облысы11249Ақтөбе облысы11–210Батыс Қазақстан облысы12–311Абай облысы11–212Павлодар облысы11–213Маңғыстау облысы1––114Жетісу облысы––3315Қызылорда облысы–23516Алматы облысы–11217Ұлытау облысы––11

Дереккөздер