Тоғызкент — Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл, Тоғызкент ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталағы – Жаңатас қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде, Таластың тармағы, Аса өзенінің ең төменгі ағысындағы боз жусан, баялыш, күйреуік, т.б. сораң шөптер өскен белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен9591455 1481 101,8 760 772 101,6 695 709 102

Тарихы Ауыл 1997 жылға дейін "Түгіскен" деп аталып келді. Іргесі 1950 жылы асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Түгіскен» кеңшарының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Тоғызкентте «Тоғызкент» АҚ және 20-дан астам шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, өнер мектебі, спорт мектебі, клуб, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша, т.б. мекемелер бар.

Ауылдан шыққан белгілі тұлғалар: жазушы Әбді Омарұлы Шынбатыров, т.б.

Дереккөздер

Санат:Сарысу ауданы елді мекендері