Ишанқұзар () — Өзбекстанның Ташкент облысы Зеңгіата ауданындағы қала типтес елді мекен және аудан орталығы. Халқы 6386 адам (1989).

Ауыл Рахимов темір жол стансасынан 13 км жерде (Ташкент-Сырдария желісінде) орналасқан. 1977 жылдан қала типтес елді мекен мәртебесіне ие болды. 1990 жылдарға дейін Калинин атымен аталды.

Қалада акционерлік қоғам, аудандық газбен қамту бөлімі, электр желісі, байланыс торабы, «Турон» шағын банк ғимараты, шағын өндіріс цехтары, қолөнер базары, супермаркет, әмбебап дүкен, жеке дүкен, қонақ үй бар. Мұнда екі жалпы білім беретін мектеп, Ташкент несие кәсіптік колледжі және ауылшаруашылық техникумы бар. Сондай-ақ орталық кітапханалар, балалар кітапханасы, музыка мектебі, стадион және басқа да спорт нысандары, «Алгоритм» медициналық пункті, перзентхана, балалар емханасы, дәріхана және басқа да нысандар орналасқан.

Дереккөздер

Санат:Ташкент облысы елді мекендері