Айыршағыл — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы құдық, төбе. Қарақұмның оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Атаудың сөзжасамдық сипаты Атау аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Айыр (сын есім) және шағыл (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Шағыл – құм, қиыршық тас құм. Атаудың топонимдік мағынасы "екі бөлек, екі салалы қиыршық тасты төбедегі құдық" деген ойды білдіреді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан құдықтары