«Асыл мұра. 1500 тарихи аудиошығарма» – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы жарыққа шығарған қазақ халқының ән-күйі мен фольклорлық мұрасы топтастырылған аудиожинақ.

Тарихы Астанада аудиожинағының тұсаукесері өтті. Жоба «Ozen» музыкалық лейблымен бірге жүзеге асырылды. Идея авторы – Ерлан Қарин.

Жинаққа «Алтын қорда» сақталған 400 күй, 300 жыр-терме, 400 халық әні мен халық композиторларының әндері, 100 ертегі, 50 бесік жыры, 250 ретро хит ән енгізілді. Аудиожинақтың ерекшелігі – мұндағы шығарманың көбі аутентикалық формада, яғни, алғашқы орындаушылары жеткізген түпнұсқа күйінде берілген.

Жобаға енген таңдамалы 1500 аудиожазба Apple Music, Spotify, Yandex Music, YouTube Music сияқты әлемге танымал 100-ден астам музыкалық платформаға жүктелді. Сондай-ақ туындылар «Қазақстан» телерадиокорпорациясының altynqor.com сайтына енгізілді. Аудио шығармалар – хронологиялық реттілікпен жиналған. Яғни, аймақ, мектеп деп емес, жазбаның ең ерте жазылғанынан бастап, кейінгі уақытқа дейін жалғасады.

Құрылымы

Атадан қалған асыл сөз

Батырлар жыры

Бесік жыры

Дәуір үні

Ертегілер

Жыр-термелер

Күйлер

Ретро әндер

Салт-дәстүр

Халық және халық композиторларының әндері Бірінші бөлім күй жанрына арналады және онда 400 күй бар. Ең ерте жазылғаны Құрманғазының күйі «Байжұма», Оқап Қабиғожин 1937 жылы жазып қалдырған. Дина Нұрпейісова, Лұқпан Мұхитов, Генерал Асқаров, Төлеген Момбеков, Қали Жантілеуов, Қаршыға Ахмедияров, Таласбек Әсемқұлов мұрасы бар. Бұл бөлімде домбыра күйімен қоса, қобыз және сыбызғы туындылары да осы жерде.

«Жыр-термелер» бөліміне ежелгі түркі заманынан бері жырланып келе жатқан батырлар дастаны жинаққа енгізілді. Б. Тәжібаев, Б. Жүсіпова, Қ. Райысов, К. Рүстембеков, И. Омаров, Қ. Сарбасов, Ә. Еңкебаев, Ә. Манаповтың орындауында сақталды. Дастанның барлығы домбыраның сүйемелдеуімен жыршы-термешілердің, кейінгі толқын өкілдерінің орындауында да берілген. Асан қайғы, Кердері Құдайберген, Махамбет Өтемісұлы, Сүйінбай Аронұлы, Майлықожа, Базар жырау, Жамбыл Жабаев сынды өзге де 100-ден аса автордың 300 шығармасы кірді. Жинаққа «Балқадиша»  әнінің 1925 жылы орындалған ең көне нұсқасы енгізілді.

Жинаққа 1967 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта таспаға түскен 100 қазақ ертегісі енді. Қазақ радиосында 1959 жылдан бастап «Ертегі» айдарымен жалпы 350 шығарылым дайындалған. Хабарлар «Ерден атаның ертегілері», «Зәмзәгүл әженің ертегілері», «Айдос атаның ертегілері» және «Сауық әженің ертегілері» атаумен топтасытырылған.

Соңғы бөлімде Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Мұқан Төлебаев, Сыдық Мұхамеджанов, Нұрғиса Тілендиев, Әбілахат Еспаев, Шәмші Қалдаяқов, Теміржан Базарбаев, Әсет Бейсеуов, Мелс Өзбеков, Ескендір Хасанғалиев секілді қазақ ән өнері алыптарының 1950-1990 жылдар аралығында ел ішіне кең танылған әндері енген.

Шығармалар реті «Алтын қорда» жазылған жылдарына сәйкес топтастырылған және ел ішіне кеңінен танымал болуына ықпал еткен алғашқы орындаушылардың даусымен түпнұсқа қалпында ұсынылып отыр. Ретро әндерді орындаушылар қатарында Жамал Омарова, Ришат пен Мүслім Абдуллиндер, Роза Бағланова, Раушан Мусабаева, Зейнеп Қойшыбаева, Бақыт Әшімова, Люция Төлешева бар. Кейбір шығармалардың ескі нұсқалары қорда жазылмағандықтан, әнді сақтап, келешекке жеткізу мақсатында қазіргі заман әншілерінің орындауында берілді.

Сілтемелер Қазақ телевизиясының Алтын қоры.

Дереккөздер

Санат:Қазақ музыкасы