Досбол Мақсұтұлы Қасымов (11 қазан 1960 жыл, Щучинск) — қазақстандық суретші, иллюстратор, дизайнер, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі және Қазақстан өнерге еңбегі сіңген қайраткері.

Өмірбаяны Қасымов 1960 жылы туған, Солтүстік Қазақстанда тәрбиеленді. 1986 жылы ол Алматы театр-көркемсурет институтындағы оқуын тәмамдады.

Қасымов суреттерін станок кескіндемесі стилінде жасайды. Еңбектері қатарында кітап иллюстрациялары мен өзге де дизайндар бар. Ол Қазақстан теңгесі валютасы дизайнының жасалуына қатысқан және, оған қоса, — Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына орай шыққан алтын және күміс монеталары жинағының авторы. Қасымов еңбектері Қазақстанда, Ресейде, Ұлыбритания, Аустралия мен Оңтүстік Кореяда бар.

Қасымовтың белгілі еңбектері қатарында Озёрноедағы Мәриям мен Иса Мәсіх бейнеленген «Ұлы Дала Анасы» католик иконасы бар.

Марапаттары Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі

Дереккөздер

Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:Қазақстан дизайнерлері