Амстердамдағы израильдіктерге жасалған шабуылдар () — 2024 жылғы 7 қарашада Нидерландтың «Аякс» клубы мен Израильдің «Маккаби» клубы арасындағы УЕФА Еуропа Лигасы матчынан кейін Амстердамның бірнеше ауданында «Маккаби» клубының израильдік жанкүйерлеріне жаппай шабуылдар жасалды.
Әртүрлі ақпарат құралдары мен Израиль мен Нидерландтың ресми тұлғалары шабуылдың үйлестірілген сипатына және еврей мен израильдік тұрғындарды әдейі нысанаға алғанына байланысты бұл тәртіпсіздіктерді антисемиттік деп атап, оларды «ойран» деп сипаттады. Нидерланд полициясы қылмыскерлердің «израильдік жанкүйерлерді әдейі іздеп тауып, оларға шабуыл жасап, соққыға жыққанын» мәлімдеді және 60-тан астам адамды ұстады. Бес адам ауруханаға жатқызылды.
Оқиғалар барысы нобай|АФК Аякс жанкүйерлері 2008 жылы ФК Утрехт стадионында клубты қолдау үшін Израиль жалауымен Нидерландтың «Аякс» клубы мен Израильдің «Маккаби» клубы арасындағы матч 2024/2025 жылғы УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «Йохан Кройф Аренада» өтті. Матч барысында ешқандай оқыс оқиға тіркелмеді, «Аякс» командасы 5:0 есебімен жеңіске жетті. «Аякс» клубы ұзақ уақыт бойы өзін еврейлермен байланыстырып келеді, филосемитизм – клуб идеологиясының бір бөлігі болып саналады.
Матч алдында Моссад израильдіктер мен еврейлерге төнуі мүмкін қауіп туралы ескертіп, Нидерланды билігіне футбол стадионы мен жанкүйерлер тоқтаған қонақ үйлер маңындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етіп, ресми ескерту жіберді. Қалада полиция қызметкерлерінің саны 1200-ге дейін көбейтілді. Әлеуметтік желілерде ер адам израильдіктерге шабуыл жасауға үндеген бейнежазба кеңінен тарады. Оны ондаған мың адам көрді. Бейнежазбада арнайы қолғап киіп, Амстердамның нақты орындарына баруға шақыру болған. Матч алдында Палестинаны қолдаған наразылықтар ұйымдастырылды. Оларға қатысқан топтардың бірі наразылық білдірушілерге «қатты зорлық-зомбылыққа дайын болу» керектігі жайлы ескерткен.
2024 жылғы 6 қараша, сәрсенбі кешкісін Галей Биньяминда Цува есімді азаматқа шамамен 20 адамнан тұратын топ шабуыл жасады. Олар оның ұлтын анықтау үшін төлқұжатын көрсетуін талап еткен. Цува төлқұжаты жоқ екенін айтқан кезде, бұзақылар оны жерге құлатып, бетіне тебуге кіріскен. Оны жеті-сегіз адам есінен танғанша ұрған. Есін жиналғанда, қаны сорғалап, тістері сынған күйде жедел жәрдем көлігінде жатқан.
Түн жарымында «Маккаби» командасының шамамен 50 жанкүйері «Fuck you Palestine» деп айқайлап, бір ғимараттың үстінен Палестина туын жұлып тастады. Кейін олар бөлініп, бірнеше такси көлігіне шабуыл жасаған. Амстердамдағы такси жүргізушілері бұл әрекетке жауап ретінде әлеуметтік желі арқылы бірігіп, бірнеше жүздеген жанкүйер жиналған казиноға қарай топтасып барған. Алайда полиция қақтығыстың алдын алуға үлгерді. Осы оқиғаға байланысты Амстердам мэрі Фемке Халсема футбол клубтарының басшылығымен, Нидерландтағы Израиль елшісімен және такси жүргізушілерінің кәсіби ұйымдарымен байланысып, жанкүйерлерге, Израильден келген туристерге және такси жүргізушілеріне қауіпсіздікті сақтау, саяси арандатушылықтар мен қақтығыстардан аулақ болу қажеттігі туралы үндеу жеткізуді сұрады.
2024 жылғы 7 қараша, бейсенбі күні күндіз Палестинаны қолдаушылар мен «Маккаби» жанкүйерлері арасында қақтығыстар болды, бірақ полиция екі топты бөліп, зорлық-зомбылықтың алдын алды. Осы уақытта интернетте Израильден келген жанкүйерлерге шабуыл жасауға шақырған, антисемиттік ұрандар бар хабарламалар көбейе бастады. Матч қарсаңында Амстердам билігі зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Палестина жақтастарына ойын өтетін стадион маңында митинг өткізуге тыйым салды. Алайда бұл шараларға қарамастан, пропалестиналық наразылық білдірушілер билік талабына бағынбай, стадионға жетуге тырысты.
Матч басталар алдында, бейсенбі күні, Амстердам көшелерінде демонстранттар Палестина тулары мен жүгіріп жүрген.Video footage shows Israeli soccer fans taunting Arabs in Amsterdam with anti-Palestinian chants . Times of Israel «Маккаби» жанкүйерлері бір Палестина туын өртеп, ХАМАС тарапынан ұрланған адамдардың суреттері бейнеленген баннерлер ұстап тұрды. Олар «Арабтар өлсін» және «Let the IDF win. We will fuck the Arabs» («ИДФ жеңсін. Біз арабтарды...») деп айқайлап, Испаниядағы су тасқыны құрбандарына арналған бір минут үнсіздікті мазақтап, ысқырып жіберді.
The Telegraph редакциясы анықтағандай, израильдіктерге қарсы шабуылдар — «еврейлерге аңшылық» деп аталған әрекеттер — шабуылға бір күн қалғанда топтық чатта жоспарланып, үйлестірілген. Чаттағы қатысушылар матч аяқталғаннан кейін түнде шабуылдарды бастауға келіскен.
Амстердам такси жүргізушілері де Израильдік футбол жанкүйерлеріне шабуыл жасау үшін әлеуметтік желілер арқылы өзара байланыс орнатқан. Миландағы Католикалық университеттің экстремизм және терроризм жөніндегі маманы Джованни Джакалоне жазғандай, «жанкүйерлерді қылмыстық топтардың қолына әкеліп берген және олардың қозғалысы туралы ақпаратты жеткізген опасыз серіктес-таксистер басты рөл атқарғаны анықталды. Мұны бірнеше ұсталған чат жазбалары да дәлелдеді».
Матч аяқталғаннан кейін (шамамен 23:00-де) «Маккаби» жанкүйерлерін полиция қызметкерлері метроға дейін бірге ертіп жүрді. Жол бойында олар арабтарға қарсы әндер айтып жүрген. Түн ортасынан кейін Палестинаны қолдаушылар палестиналық тулармен израильдік жанкүйерлерге шабуыл жасап, «Free Palestine» («Палестинаға бостандық») деп айқайлап, израильдіктерді қоршап, ұрып-соғып, тіпті пышақпен қудалаған. Полиция тәртіпсіздікті тоқтатуға тырысқанымен, нәтиже болмады.
Куәгерлердің айтуынша, пропалестиналық белсенділер пышақпен жарақат салуға тырысып, адамдарды өзенге лақтырған, израильдіктерді ұрып-соғып, бетіне түкіру әрекеттері болған. «Маарив» басылымы кем дегенде бір израильдікті ұрлау әрекеті жөнінде хабарлады. Көптеген жанкүйерлер қауіпсіздік іздеп, дүкендер мен қонақ үйлерге тығылып, іштен бекітілген. Шабуылдаушылар бір жанкүйерді көлікпен қағып кеткен, ал екіншісін каналға итеріп жіберген. Ашулы топтар көшедегі кездейсоқ адамдарға жақындап, олардың ұлтын сұраған. Түн ортасына қарай Дам алаңы маңында «Маккаби» жанкүйерлерінің бір тобы таяқпен қаруланып, вандалдық әрекеттер жасаған. Израиль футбол клубының символикасы бар киім киген ер адамдардың құрылыс алаңынан алынған тақтайлар мен құбырларды қару ретінде қолданған сәттері видеоға түсіп қалған.
Кем дегенде он еврей жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы ауыр деп хабарланды (соның бірін әдейі көлікпен қағып кеткен). Жараланған израильдіктердің төлқұжаттарының ұрланғаны туралы мәліметтер бар. Бес жанкүйерге ауруханаға жатқызу қажет болған.
Израильдік азаматты мопед мінген адамдар соғып жатқанда, оған көмектеспек болған екі британ туристі де шабуылға ұшырады. Лондоннан келген 33 жастағы жігіт израильдікті қорғауға тырысқанда, шабуылдаушылар одан төлқұжатын көрсетуді талап етіп, оның еврей екенін тексермек болды. Бас тартқан соң, шабуылдаушылар оның бетіне ұрып, қан ағып, көзілдірігі сынған. Кейін тағы екі ондаған адам келіп, оны ұра бастаған. Сол сәтте шабуылдаушылардың бірі басшысына «ол еврей емес» деп тоқтатуға тырысқанда, басшы: «Иә, бірақ ол еврейге көмектесті ғой» деп жауап берген.
Израильдің солтүстігіндегі Касра-Самия атты друз ауылынан шыққан, «Маккаби Тель-Авив» жанкүйері Мельхем Асад ондаған израильдікті шабуылдаушылардан құтқарып қалды. Матч алдында және оның өту кезінде күзет күшейтілгенін байқаған, алайда ойын аяқталған соң қауіпсіздік шараларының жоққа жуық болғанын көрген. Сондай-ақ араб тілінде сөйлеп жүрген адамдардың: «Кімде «Маккаби» футболкасы мен израиль символикасы бар – соны өлгенше ұрыңдар» деген сөздерін естіген. Осыдан кейін Мельхем Асад оларға иврит тілінде сөйлейтіндер бұл аумақтан кетіп қалғанын айтып, шатастыруға тырысқан. Жанкүйерлерге ивритше сөйлемеуді және клубтың логотипі бар футболкаларын жасыруды кеңес еткен. Араб тілінде сөйлейтін экстремистерді басқа бағытқа жіберіп, өзі жүгіріп барып, израильдіктерге «зиян келтіргісі келетін мигранттар барын» ескерткен. Израильдіктерді қауіпсіз орынға алып бара жатып, Мельхем қасындағы топты араб тілінде қатты дауыстап сөйлеп қорғаштаған, осылайша шабуылдаушылар оны өз адамы деп ойлап, топқа тиіспеген.
13 израильдік азаматпен ұзақ уақыт бойы байланыс болмаған, бірақ шамамен күндізгі 15:00-де олардың барлығы табылды. 30 адам тұтқындалған, кейін бұл сан 68-ге жеткен. Олардың ішінде 49-ы — Нидерланд азаматтары, 10-ы — израильдіктер, ал үшеуінің азаматтығы анықталмаған.
Тәртіпсіздіктерден кейін Израильден El Al әуе компаниясы шұғыл рейстер жіберіп, 2000-нан астам адамды елге қайтарды. Израильге оралған кезде «Маккаби» жанкүйерлері әуежайда Амстердамда қолданған антиарабтық, нәсілшіл ұрандарды қайта айқайлап жатты. Солардың ішінде: «Why is school out of Gaza? There are no children left there» («Неге Газада мектеп жұмыс істемейді? Себебі ол жерде балалар қалған жоқ») деген ұран да болды.
Екінші толқын 2024 жылғы 11 қарашада, израильдіктерге жасалған шабуылдан төрт күн өткен соң, Амстердамда антисемиттік тәртіпсіздіктер орын алды. Қолдарында таяқ пен петарда болған вандалдар көліктер мен велосипедтерді сындырды, танымал трамвайлардың бірін өртеп жіберді, антисемиттік ұрандар айтып, бір велосипедшіні ұрып-соқты.
Бұл тәртіпсіздіктерге әлеуметтік желілер арқылы шақырту жасалған.
2024 жылғы 11 қараша кешкі сағат 19:15 шамасында Амстердамның батысындағы Слотермеер ауданындағы '40-'45 орталық алаңында тәртіпсіздіктер орын алды. Оған ондаған адам қатысқан. Қолдарында таяқ пен петарда болған вандалдар көліктерді сындырып, танымал трамвайлардың біріне от қойып, антисемиттік ұрандар айтқан. Абырой болғанда, трамвайда жолаушылар болмаған немесе ешкім зардап шекпеген.
Амстердамда скутер мінген бүлікшілер қоқыс шашып, «Kanker Joden» («Рак ауруы — еврейлер» деген ауыр тіл тигізу) деп айқайлаған. Беттерін маскамен жауып алған шабуылдаушылар сонымен қатар «Палестинаға бостандық!» деп ұрандатқан. Бұл тәртіпсіздіктер жұма күнгі шабуылдардан кейін билік енгізген үш күндік кез келген митингке тыйым салуға қарамастан орын алған. Жолында кездескен велосипедші күшпен велосипедтен түсіріліп, топпен ұрып-соғылған. Олар басқа велосипедтерді де қиратқан. Сауда орталығында жүрген адамдар артқы есіктер арқылы қашуға мәжбүр болған, ал орталықтың өзі жабылып қалған. Кейін бүлікшілер полицияға да шабуыл жасаған. Тәртіпті қалпына келтіру үшін оқиға орнына тікұшақ жіберілген, алаң үстінде ұзақ уақыт айналып ұшып жүрген.
Реакциялар
Нидерланд Амстердам мэрі Фемке Халсема екі клуб жанкүйерлері арасында ешқандай өшпенділік болмағанын мәлімдеді. Ол шабуылдаушылардың әрекеттері үйлестірілген Telegram топтарында «еврейлерге аңшылық» жасауға шақырулар таратылғанын айтып, оқиғаны «ойран» деп сипаттады. Халсема бұл қылмыстың қала орталығында орын алғанымен, Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты наразылықтармен еш байланысы жоқ екенін атап өтті. Алайда кейінірек «ойран» терминін қолданғанына өкініш білдіріп, бұл сөздің кейіннен саяси насихат пен Амстердамда тұратын иммигранттарға қарсы кемсітушілік мақсатында қолданылып кеткенін айтты.
Нидерланд Премьер-министрі Дик Схоф бұл шабуылдарды қатаң айыптап, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесу барысында кінәлілерді тауып, жауапқа тартуға уәде берді. Ол: «Маккаби жанкүйерлерінің әрекеттеріне қатысты кез келген наразылық кейін Амстердамда еврейлерге жасалған шабуылдарды ақтай алмайды» деп мәлімдеді.
Нидерланд королі Виллем-Александр: «Біз антисемитизмге көз жұма қарамауымыз керек», – деп мәлімдеп, Амстердам орталығында израильдік футбол жанкүйерлеріне жасалған қатыгез шабуылдардан кейін «еврейлер Нидерландыда өзін қауіпсіз сезінуі тиіс» екенін атап өтті.
Нидерланд Өкілдер палатасының депутаты және парламенттегі ең ірі антиисламдық «Еркіндік партиясының» жетекшісі Герт Вилдерс әлеуметтік желі X-те (бұрынғы Twitter) былай деп жаздыhttps://meduza.io/feature/2024/11/08/v-amsterdame-lyudi-s-palestinskimi-flagami-napali-na-izrailskih-futbolnyh-bolelschikov-posle-matcha:
Израиль