Ортқали Қасымжанов (1940 жылы, Арқат ауылы, Абай ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР — белгісіз) — Абай ауданы, З. Белібаев атындағы кеңшарының аға шопаны. Еңбек Даңқы орденінің толық иегері.
Өмірбаяны 1940 жылы Қазақ КСР Семей облысындағы Шыңғыстау ауданының (қазіргі Абай облысы, Абай ауданы) Арқат ауылында туған.
Жастайынан мал шаруашылығында еңбек етіп, 1960 жылдардың басында Кеңес Әскері қатарында әскери борышын өтеп, туған ауылы Арқатқа оралып, жергілікті «Арқат» кеңшарының (1983 жылдан бастап — Зәкәрия Белібаев атындағы кеңшар) 1-бөлімшесінде қой бағып, шопан болып еңбек етті. Ол басқарған шопан бригадасы бірнеше жыл бойына төлді көбейтіп, жүн қырқуының тұрақты жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1975 жылғы 14 ақпандағы Жарлықтарымен Бүкілодақтық социалистік жарыста қол жеткізген табыстары және 1974 жылы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен мемлекетке сатуды арттыру жөніндегі халық шаруашылық жоспарлары менен міндеттемелерін орындаудағы еңбек ерлігі үшін Қасымжанов Ортқали III дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен, 1976 жылы жоспарлы тапсырмаларды мерзімінен бұрын орындағаны үшін 1976 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығымен — II дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен марапатталды.
Қой шаруашылығындағы тұрақты жоғары көрсеткіштер үшін КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ХШЖК) бас комитеті озат шопанға қола медалмен және бағалы сыйлықпен, 1984 жылы «Москвич-412» жеңіл автокөлігімен марапаттады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1986 жылғы 7 шілдедегі Жарлығымен он бірінші бесжылдықтың (1981–1985) тапсырмаларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу жөніндегі социалистік міндеттемелерді орындауда қол жеткізген табыстары үшін Қасымжанов Ортқали I дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Еңбек Даңқы орденінің толық иегері атанды.
Абай аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Туған ауылы Арқатта өмір сүрді.
Марапаттары III дәрежелі Еңбек Даңқы ордені (14.02.1975) II дәрежелі Еңбек Даңқы ордені (24.12.1976) I дәрежелі Еңбек Даңқы ордені (07.07.1986) ХШЖК қола медалі (20.04.1983)Қасымжанов Ортқали. «Герои страны» сайты.
Дереккөздер